AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нью-Йорктегі Орталық сабақтан да көп: Алматыда бір...

Нью-Йорктегі Орталық сабақтан да көп: Алматыда бір айда 30 мың ағаш отырғызылды

Әлеумет 13.05.2024, 09:46 929 Nursok82
Нью-Йорктегі Орталық сабақтан да көп: Алматыда бір айда 30 мың ағаш отырғызылды
Almaty-akshamy.kz

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталғалы бері 30 мыңнан астам жапырақты ағаш және 5 мың бұта отырғызылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

 Мысалы, Нью-Йорктің әйгілі Орталық саябағында 18-ден 25 мыңға дейін ағаш бар. Көбінесе әлемде жапырақты ағаштардан тұратын үлкен саябақтар «қаланың өкпесі» саналады.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен ағаштарды жаппай отырғызу 27 сәуірде өтті. Акция барысында қаланың барлық ауданында барлығы 8 205 жасыл желек, оның ішінде 4 мыңнан астам алма ағашы отырғызылды.

Сонымен қатар, «Жасыл аула» акциясы аясында қала тұрғындарына 3 мың көшет, «Алматы – бақ қала» жалпықалалық акциясы барысында 8 мыңнан астам көшет таратылды.

Биыл 19 сәуірде барлық жалпы білім беретін мектептерде «Мектеп ауласының оазисі» ландшафты дизайн фестивалі өтті. Фестиваль аясында 5-11 сынып оқушылары 20 мыңнан астам гүл, 430 жеміс ағашы және 200 туя көшеті отырғызылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елді мекен аумағын абаттандыру және көгалдандыру туралы «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы қаласы әкімдігі 2024 жылғы 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын өткізді. Науқанның негізгі мақсаты – қала инфрақұрылымына ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халықты жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ағаш #ағаш егу #Алматы - ортақ үйіміз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);