AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Nino, Little Brazil, ZQVADRAT: Алматыда карантин т...

Nino, Little Brazil, ZQVADRAT: Алматыда карантин талабын бұзған мекемелерге айыппұл салынады

Әлеумет 27.07.2021, 13:42 4,524
Nino, Little Brazil, ZQVADRAT: Алматыда карантин талабын бұзған мекемелерге айыппұл салынады
Сурет: Gov.kz

Коронавирусқа байланысты қаладағы ахуал әлі де күрделі.


Алматыда карантин талабының сақталуы қатаң бақылауда. Өйткені қаланың көңіл көтеретін мекемелерінде шектеулер бұзылуда. Бұл КВИ жұқтыру қаупін арттырады. Рестораторлар белгіленген жұмыс режимін қадағаламайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


26 шілде күні жиналған барлық материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелеріне тапсырылды. Барлық фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады.


Жыл басынан бері Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мониторинг топтары 31 548-ден астам нысанды тексерді. Оның 2700-ден астамының карантин талаптарын бұзғаны анықталды.



Эпидемиологтардың айтуынша, қазіргі кезде қаладағы коронавирусқа байланысты ахуал әлі де күрделі. Сондықтан құрамында әкімдік пен полиция қызметкерлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, еріктілер бар мобильді топтар шағын және орта бизнес нысандарын, оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарының карантиндік шектеулерді сақтауларын тексеруді жалғастыруда.



Эпидемиологиялық талаптар бұзылатын нысандар ерекше  бақылауға алынады, олар: СОСО, кафелер, мейрамханалар, караоке, барлар, сауда орталықтары.  Соның ішінде Ashyq жобасы аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері де тексерілуде.


Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, егер олар Ashyq жобасының қатысушылары болса, сағат 20.00-ге дейін және екі жағдайда да келушілер 50%-ды әрі 50 адамнан аспайтын болса, тамақтану орындарына жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.


Алайда, Алматыда бір күннің ішінде онға жуық карантин талаптарын бұзғандар тіркелген.


Сондай-ақ 26 шілде күні сағат 22.14-те тексерушілер Дулати көшесіндегі жұмыс режимін бұзған «Ұлы Тау» мейрамханасын тіркеді. Олар Ashyq жобасының қатысушылары, бірақ шектеулерге қарамастан, қонақтарды қабылдауды жалғастырды.


Тағы бір карантин талабын бұзушылық сол күні сағат 21.41-де «Алмалы» дәмханасында анықталды. Сағат 22.52-де тексерушілер әл-Фараби даңғылындағы Nino мейрамханасын тіркеді.


26 шілде күні сағат 23.10-да әл-Фараби даңғылындағы Little Brazil мейрамханасында жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.


Сондай-ақ бұзушылар тізімінде Хан Тәңірі ықшамауданындағы «Райский сад» және Достық даңғылындағы ZQVADRAT мейрамханалары бар.



Алматының мониторинг тобындағылардың айтуынша, жыл басынан бері карантин талаптарын бұзатындар анықталуда. Қала тұрғындары карантин режимін сақтауға барынша жауапкершілікпен қараулары тиіс: адам көп жиналатын орындардан аулақ болу, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау, ойын-сауық мекемелеріне олардың жұмыс режимінен тыс бармау, сондай-ақ вакцина мәселесін кейінге қалдырмау.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);