AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Несие алушылар саны арта түскен

Несие алушылар саны арта түскен

Әлеумет 20.11.2024, 19:58 1,333 yakiya
Несие алушылар саны арта түскен
aikyn.kz

Бұл туралы Ұлттық банктің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаев айтты.

Биылғы III тоқсанда жеке тұлғалардың ипотека мен автокредиттерге, тұтынушылық несиелерге деген сұранысы өскен, деп хабарлайды aqshamnews.kz

“Бір банктің ипотека өнімдеріне деген сұраныстың өсуіне бәсекелес банктердің кепіл талаптарын қатаңдатуы әсер етті. Нәтижесінде, кредит өтінімдерінің жалпы саны тоқсан бойынша 31%-ға (т/т) өсіп, 274 мыңға жетті” деді Олжас Күбенбаев.

Банктердің пікірінше, ұзаққа созылған өсімнен кейін кепілмен берілетін тұтыну кредиттеріне деген сұраныс аздап төмендеген. Бұл құбылысты банктер кепіл талаптарының қатаңдауымен байланыстырады. Алайда, кейбір банктердегі өтінім ағынының өсуіне байланысты түскен өтінімдер саны тоқсан бойынша 6%-ға (т/т) артып, 48 мыңға жеткен.

Кепілсіз тұтыну кредиттеріне деген сұраныс реттеуге байланысты өзгерістер аясында аздап төмендегені байқалады. Дегенмен, банктердің пікірінше, сұраныстың төмендеуі тек талаптарға емес, оларды жүзеге асырудағы уақытша техникалық мәселелерге көбірек байланысты болған. Осылайша, түскен өтінімдер саны 21,8 млн-ға жетіп, алдыңғы тоқсандағымен салыстырғанда 5%-ға өскен.

Автокредиттерге деген сұраныстың сәл өсуі, банктердің пікірінше, серіктес автосалондардың маркетингтік шараларына және олардың жартылай субсидиялаған кейбір акция өнімдерін ұсынуына байланысты. Нәтижесінде, кредит өтінімдерінің саны тоқсан бойынша 10%-ға (т/т) өсіп, 1,1 млн-ға жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #банк #Сұраныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);