AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Непал Үкіметін тұңғыш рет әйел адам басқарып отыр

Непал Үкіметін тұңғыш рет әйел адам басқарып отыр

Әлем 14.09.2025, 11:56 1,105
Непал Үкіметін тұңғыш рет әйел адам басқарып отыр
Сурет: Astanatv.kz

Непал президенті Рам Чандра Паудел 73 жастағы Каркиді осы қызметке бекітіп, ол жұма күні, 12 қыркүйекте ант қабылдады.

Карки Непал үкіметін басқарған тарихтағы алғашқы әйел атанды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның кандидатурасын наразылық акциясының көшбасшылары ұсынған. Ол 2026 жылдың наурыз айында өтуі ықтимал келесі сайлауға дейін Непал кабинетін басқарады.

dpa агенттігінің мәліметінше, Карки елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресімен белгілі.

Непал үкіметі 9 қыркүйекте жаппай наразылықтарға және адам шығынына әкелген әлеуметтік желілерге салынған тыйымды алып тастады.

Дағдарыс ушыққан тұста премьер-министр Шарма Оли, ішкі істер министрі және тағы екі министр отставкаға кетті.

20-дан астам әлеуметтік желіні, соның ішінде Facebook, Instagram және YouTube-ты қамтыған тыйым Непалда олардың жаңа талапқа – мемлекеттік қадағалауға тіркелу және бағыну ережесін орындамағаны үшін енгізілген еді.

Блокадалардың алынғанына қарамастан, шерулер тоқтаған жоқ: олардың қатысушылары, негізінен жастар, елдегі сыбайлас жемқорлық пен биліктің жалпы саясатына қарсы шықты. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, мыңдаған демонстранттар жетекші партиялардың кеңселерін және кейбір саясаткерлердің үйлерін қиратты әрі өртеді. Наразылар "Непал конгресі" партиясының кеңсесін және бірнеше полиция бөлімшесін отқа қойған. Непалдағы жаппай наразылықтар "Z буынының демонстрациялары" деп аталып жүр.

Полициямен қақтығыс салдарынан кемінде 51 адам қаза тауып, 1300-ден астамы жарақат алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Непал #басқару #тұңғыш әйел адам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);