ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / «Негізі мақсат – бұқаралық спортты дамыту»

«Негізі мақсат – бұқаралық спортты дамыту»

Спорт 17.07.2022, 12:06 1,631
«Негізі мақсат – бұқаралық спортты дамыту»
«Tartyl Fest» жобасының амбассадоры, Қазақстандағы Street workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Айтым Жақыпов Алматыдағы спорттық мерекенің қалай өтіп жатқандығы туралы айтып берді.

«Tartyl Fest» жобасының амбассадоры, Қазақстандағы Street workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Айтым Жақыпов Алматыдағы спорттық мерекенің қалай өтіп жатқандығы туралы айтып берді.




«Бірінші кезекте «Дара» таланттарды қолдау қоры мен Алматы әкімдігіне іс-шараны ұйымдастырудағы көмегі мен халық арасында бұқаралық спортты дамытудағы үлесі үшін алғыс айтамын.


Алматы бүгін шынымен де барлық рекордтарды жаңартып жатыр. Таңғы сағат 9-дардың өзінде қатысушылардың кезегі «Абай» алаңынан көшеге дейін созылды. Бұған дейін Талдықорған қаласында қатысушылар жалпы сомада 4731 рет тартылған. Бүгін оңтүстік астанамызда бұл көрсеткіш жаңарып, күннің аяғына дейін азаматтарымыз кемінде 10 мың рет тартылады деп ойламыз.


Негізі мақсат – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын дәріптеу. Сондықтан қандай спортта болмасын дұрыс бағытта, ережелерге сай жарысайық.


Барлық қатысушыларды кәсіби спортшылар бақылап, нәтижелерін жазып алуда. Бүгінгі төрешілердің қай қайсысы да тартылу ережелерін өте жақсы біледі. Алдағы уақытта осы тобымызбен еліміздің 20 қаласын аралауды жоспарлап отырмыз. Әр қаладағы жүлделі орындар мен ақшалай сыйлықтар беріледі. Ал қыркүйек айында барлық мықтылар елордамызға шақырылып, Нұр-Сұлтан қаласында шешуші жарыс өтеді.


Артық айтқаным емес, бүгін Қазақстандағы Street workout саласы даму қарқыны бойынша әлемде бірінші орында деп айта аламын. Себебі біздің еліміз – әлемдегі Street workout-қа мемлекеттік деңгейде көмек көрсететін жалғыз мемлекет.


Қатысушылардың жас тобының негізгі бөлігін 18-30 жастағы азаматтарымыз құрайды. Алайда қай қалаға барсақ та тартылуға келген кішкентай бүлдіршіндер мен ақсақалдарымызды көреміз. Бұл әрине көңіл қуантады. Street workout-қа барлық жастағы адамдар қатыса алады және ол денсаулықты күшейтуге көмектеседі».


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.