Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Неге жасамасқа, неге соны жасамасқа...

Неге жасамасқа, неге соны жасамасқа...

Әлеумет 05.12.2024, 08:56 1,531
Неге жасамасқа, неге соны жасамасқа...
Сурет видео скрині

«Өзенмұнайгаз» бұрғылау басқармасының қызметкерлері бірқатар талаптар қойғанымен, олардың кейбіреулері қолданыстағы заңдар мен бекітілген ережелерге қайшы келеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бас тарту себептері:

  • Зейнеткерлердің балаларына кезектен тыс жұмыс беру 2020 жылы бекітілген ережелерді бұзады. Бұл Жаңаөзендегі басқа жұмыссыздардың құқықтарын шектеуі мүмкін.

  • Қызметкерлерге арналған әлеуметтік қолдау деңгейі жоғары: әр қызметкерге жыл сайын 3,8 млн теңге бөлінеді.

Компания наразылық білдірушілерді жұмысқа оралуға және мәселелерді бітімгерлік комиссиясы арқылы шешуге шақырды. Жүйені жеке топтар үшін өзгертуге болмайды.

 

«Өзенмұнайгаз» АҚ мәлімдемесі

2024 жылғы 12 қарашада «Өзенмұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – ӨМГ) бұрғылау басқармасы қызметкерлерінің кәсіподағы заңсыз наразылық акциясын өткізіп, бірқатар талаптарын алға тартты. ӨМГ басшылығы наразылық білдірушілермен тұрақты келіссөздер жүргізіп келеді.

2024 жылғы 3 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов бұрғылау басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, оларды жұмысқа шығуға шақырды. Келіссөздер нәтижесінде төмендегідей хаттама жасалды:

  1. Бұрғылау басқармасы қызметкерлері заңсыз наразылық акциясына қатысуды тоқтатып, толық құрамда жұмысқа шығуы тиіс;
  2. Хаттаманың бірінші тармағы орындалған жағдайда, «ҚазМұнайГаз» және ӨМГ тарапынан ешқандай тәртіптік шаралар қолданылмайды;
  3. Барлық талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бітімгерлік комиссия аясында қаралады.

Хаттама заңсыз наразылық акциясына қатысушылардың назарына жеткізілді. Алайда, ӨМГ бұрғылау басқармасы кәсіподағының төрағасы құжатқа қол қоюдан бас тартты.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, еңбек қатынастары тікелей жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында реттелуі тиіс және үшінші тараптардың араласуына жол берілмейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзенмұнайгаз #заң #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.