ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Неге ерлер әйелдерге қарағанда тез қартаяды? Зертт...

Неге ерлер әйелдерге қарағанда тез қартаяды? Зерттеу жарияланды

Мұны білген жөн 10.10.2025, 10:50 435
Неге ерлер әйелдерге қарағанда тез қартаяды? Зерттеу жарияланды
depositphotos.com
Кей ерлер 40 жасқа келгеннен-ақ түрлі ауруларға, әсіресе жүрек-қан тамыр ауруларына шалдыға бастайды. Дәрігерлер мұны әдетте олардың ішімдік ішіп, темекіні жиі тартып және денсаулығына немқұрайлы...

Кей ерлер 40 жасқа келгеннен-ақ түрлі ауруларға, әсіресе жүрек-қан тамыр ауруларына шалдыға бастайды. Дәрігерлер мұны әдетте олардың ішімдік ішіп, темекіні жиі тартып және денсаулығына немқұрайлы қарауымен түсіндіреді. Ал әйелдерді менопаузаға дейін эстроген секілді жыныс гормондар атеросклероздан қорғайды. Бірақ етеккір тоқтағаннан кейін олардың да ауруға шалдығу ықтималдығы артады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі "Доктор питерге" сілтеме жасап.

Дегенмен әйелдер бұл кезеңнен кейін де орта есеппен ерлерден 5 жылдай ұзақ өмір сүреді. Бұл көрсеткіш ел мен мәдениетке байланысты өзгеріп отырса да, медицина дамыған сайын айырмашылық азайып келеді.

Ең қызығы, бұл заңдылық тек адамдарда емес, жануарларда да байқалады. Мұнда "көп ішті, көп шекті" деген сылтау жүрмейді.

Германиядағы Макс Планк атындағы эволюциялық антропология институтының зерттеуіне сәйкес, зерттелген 1176 сүтқоректі түрінің 72 пайызында ұрғашылары еркектерінен орта есеппен 13 пайыз ұзақ өмір сүреді.

Мысалы, ұрғашы шимпанзенің өмір жасы шамамен 38–41 жыл, кейбірі 80 жылға дейін өмір сүреді. Ал еркек шимпанзелер көбіне 30–33 жылмен шектеледі.

Ал кейбір құстар мен жәндіктерде керісінше: еркектері орта есеппен 5 пайыз ұзақ өмір сүреді.

Неге бұлай?

Ғалымдар мұны жыныстық хромосомалармен байланыстырады.
Сүтқоректілерде ұрғашыларда екі бірдей X-хромосома, ал еркектерде X және Y-хромосома бар. Екі бірдей X-хромосома ұрғашыларды зиянды мутациялардан жақсырақ қорғайды, сондықтан олардың өмірі ұзарады.

Бірақ құстарда бәрі керісінше: аналықтарда әртүрлі (ZW), ал аталықтарда бірдей (ZZ) хромосомалар. Соған қарамастан, көптеген жыртқыш құста аналықтары ірі әрі ұзақ өмір сүреді, яғни, айырмашылық тек генетикада емес.

Тағы бір қызық дерек: өз түрі арасында "танымал" аталықтар да ерте өледі. Себебі олардың энергиясы мен күші көбіне қарсыластарымен күреске, ұрғашыларға жағуға кетеді.

Антропологтардың айтуынша, Жжарқын түстер, үлкен мүйіз, дене ірілігі - бәрі жұп табуға көмектеседі, бірақ өмірді қысқартады.

Мәселен, полигам (бір аталыққа бірнеше аналық) жануарларда аталықтар арасында бәсеке жоғары болғандықтан, олар тез өледі. Ал моногам құстарда, керісінше, жарысу аз болғандықтан, аталықтар ұзақ өмір сүреді.

Бұл заңдылық табиғатта да, зообақта да де байқалған. Тек торда өмір сүргенде айырмашылық аздау болады.

Ана болу – өмірді ұзартады

Зерттеушілер тағы бір қызық тұжырым жасады: ұрғашылардың өмірінің ұзақтығы олардың балаға қамқорлығымен де байланысты. Мысалы, маймыл аналар баласын өз бетінше өмір сүре алатындай болғанша бағады. Бұл – өмір сүру ұзақтығын арттыратын фактор.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.