Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Назарға Назарбаев университеті ілікті

Назарға Назарбаев университеті ілікті

Әлеумет 08.06.2023, 04:53 925
Назарға Назарбаев университеті ілікті
Сурет: ашық дереккөз

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана халықаралық форумының кулуарында Назарбаев университетін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  



«Қазіргі таңда тек қана бір өзгеріс бар. Назарбаев университеті туралы заң өзгеріп жатыр. Үкіметтің, біздің министрліктің негізгі мақсаты – университеттің әлеуетін сақтап қалу және оны мықты зерттеу деңгейіне шығару. Негізгі басым жоспарымыз – зерттеу әлеуетін көтеру. Назарбаев университетінде өте мықты тоғыз зертхана бар. Ең мықты профессорлар, оқытушылар шоғырланған. Мақала тұрғысынан, ғылыми публикация тұрғысынан ең бірінші деңгейде тұр. Бірақ қолданбалы, салалық зерттеулер аздау. Шыны керек ұлттық компанияларымызға, салалық компанияларымызға, өндіріске қолданбалы үлесі әлі аздау», - деді министр.



Оның сөзінше, университетті қаржыландыру тәртібі сол күйінде қалады.



«Автономдық құқығы шектелмейді. Өйткені жиналып қалған потенциалды шайқап, төгіп алмауымыз керек. Қалыптасқан кадрларды, сол жерге құйылған ақшаның арқасында пайда болған мықты зертханаларды төгіп алмауымыз. Қаржыландыру тәртібі сол күйінде сақталады. Бірақ қазір анализін жасауымыз керек. Сол анализдің қорытындысына қарай көреміз. Білесіздер, басшылығы ауысады. Үлкен конкурс жарияланады. Сол конкурс негізінде ғана басшылық тағайындалып, содан кейін анализ жасалады», - деді Саясат Нұрбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Назарбаев #Кадр #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.