AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Назарбаев қоры Алматы мен Астанадағы жылжымайтын м...

Назарбаев қоры Алматы мен Астанадағы жылжымайтын мүліктерін мемлекетке қайтарды

Өмір-өзен 23.09.2022, 09:15 1,699
Назарбаев қоры Алматы мен Астанадағы жылжымайтын мүліктерін мемлекетке қайтарды
Сурет: Krisha.kz

Қаржы министрлігі нақты қандай нысандар қайтарылғанын айтпады.


Нұрсұлтан Назарбаев қоры өзіне тиесілі кей нысандарды мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.



Қазіргі уақытта республикалық меншікке тиісті сыйға тарту шарты негізінде Астана және Алматы қалаларында Қордың мүлкі (жиһаздалған және жабдықталған жылжымайтын мүлік нысандары) қабылданды, - делінген жауапта.



Алайда ведомство экс-президент қорының мемлекетке нақты қай нысандарды қайтарғанын және оның жалпы сомасын ашып айтпады. Министрлік өкілі бұл ақпаратты «құпия» деп түсіндірді.



Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 9-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 528 Жарлығына сәйкес құрылды. Бұл ретте осы Жарлықтың 3-тармағында Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйым. Қордың қаржыландыру көздері заңдарға қайшы келмейтін жарналар мен түсімдер деп белгіленген.



2020 жылы аталған қор Нұрсұлтан Назарбаев қоры болып өзгертілді.



«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлкін мемлекеттік меншікке өтеусіз негізде беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасымен реттеледі, оның 2-тармағына сәйкес мемлекетке Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын беру туралы шешімді мүліктің меншік иесі қабылдайды және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделуі тиіс», - делінген ресми жауапта.



Сонымен қатар, Комиссияның жұмысы басталғаннан бері телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, экология және т. б. салалардағы жеке монополияларды (олигополияларды) алып тастау мақсатында сыйға тарту шарттары бойынша республикалық меншікке:


10 АҚ және ЖШС акциялар пакеті мен қатысу үлес;


5 жылжымайтын мүлік нысаны;


100 млн АҚШ доллары мен 1,49 млрд теңге қабылданды.



Атап айтқанда, республикалық меншікке телекоммуникация саласында «Қазақтелеком» АҚ-да (28,8%), теміржол инфрақұрылымы саласында – «Көліктік сервис орталығы» АҚ-да (100%; мүлік құрамында жалпы ұзындығы шамамен 250 шақырым болатын 400-ден астам кірме теміржол қабылданған), экология саласында  «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» ҚЕАҚ (50% + 1 акция), «Оператор ӨКМ» ЖШС (100%) акциялар пакеті қабылданды. Республикалық меншікке қабылданған жылжымайтын мүлік объектілерінің қатарында Алматы қаласындағы спорттық-жаттығу кешені, Астана қаласындағы «Болашақ» бизнес орталығының ғимараты және т. б. бар.



Комиссия қабылдаған шешімдер туралы қоғам тұрақты негізде, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы хабардар етіледі, – дейді министрлік.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #астана #меншік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);