AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Наурызнама: Ұлттық ұлан сарбазы 100-ге жуық күйді...

Наурызнама: Ұлттық ұлан сарбазы 100-ге жуық күйді жатқа біледі

Мәдениет 16.03.2026, 16:54 628
Наурызнама: Ұлттық ұлан сарбазы 100-ге жуық күйді жатқа біледі
Ұлттық ұлан

Алматы қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Азиз Темірбек жауынгерлік міндетін абыроймен орындап, ұлттық өнерді насихаттап жүрген жас таланттардың бірі.

💫18 жастағы Азиз Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Бала кезінен домбыраға әуес болып өскен ол мектеп қабырғасында алғашқы ұстазы Гүлназ Сералиевадан күй өнерінің әліппесін үйренеді. Кейін Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінде білім алып, ұстазы Жансұлтан Жұмабектен күйшілік шеберлігін шыңдайды.

🎶Бүгінде ұландық жүзге жуық күйді жатқа біледі. Оның орындауында қазақтың әйгілі күйлері - «Сарыарқа», «Серпер», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Байжұма» сынды туындылар ерекше әсер қалдырады. Әзиздің айтуынша, танымал күйлердің басым бөлігін ол нота арқылы меңгерген.

- Домбыра мен үшін халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін айқындайтын қасиетті мұра. Әскер қатарында жүрсем де, «Сыр елі, жыр елі» деп ерекшеленетін Сыр күй мектебі өкілдерінің ізін жалғап жүргеніме қуаныштымын, - дейді қатардағы жауынгер.

🔎Қазіргі уақытта Азиз әскери бөлімнің құрамында Алматы қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігін күзетуде. Ал бос уақытында қаруластарының өтінішімен домбырасын қолына алып, өзі білетін күйлерді тамылжыта орындап береді. Оның әсерлі орындауындағы күйлер сарбаздардың көңіл-күйін көтеріп, жауынгерлік рухын арттыра түседі.

Ұлттық ұлан қатарында әскери қызметін өтеп жүрген жастардың арасында осындай өнерлі азаматтардың болуы ұлттық мәдениеттің сабақтастығын көрсетеді. Домбыраның қоңыр үні арқылы Азиз Темірбек қасиетті өнер тінін үзбей, қазақтың ғасырлардан жеткен күй дәстүрін жаңа буынға жеткізудің жарқын үлгісін танытып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);