ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Наурызнама онкүндігі: Алматыда Көрісу күні аталып...

Наурызнама онкүндігі: Алматыда Көрісу күні аталып өтті

Әлеумет 14.03.2025, 14:36 755
Наурызнама онкүндігі: Алматыда Көрісу күні аталып өтті
Алматы қаласы әкімдігі
Қазақстан жұлдыздары алматылықтарды Көрісу күні – Амал мерекесімен құттықтады

Қазақстан жұлдыздары алматылықтарды Көрісу күні – Амал мерекесімен құттықтады

Бүгін екі мыңнан астам алматылық мен қала қонақтары «Көк-Төбеге» жиналып, бір-бірін көктемнің келуімен құттықтады, Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні – Көрісу мерекесіне орай ұйымдастырылған театрландырылған концертті тамашалады.

Сахна төрінде еліміздің сүйіспеншілігі мен махаббатына бөленген, аты аңызға айналғын Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, Айгүл Қосанова, «Жігіттер» тобы, Алма Аманжолова, сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері өнер көрсетті. Мәртебелі меймандар қатарында белгілі жазушылар, мәдениеттанушылар, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері және бірқатар зиялы қауым өкілі болды.

«Қадірменді қауым, бүгін Қазақстанымызда үлкен мереке – Наурызнама басталды. Қазақтың жаңа жылы, көктем келді. Сондықтан бір-бірімізбенен көрісіп, амандасып, бір-бірімізге жақсы тілек айтып жатырмыз. Мен өзімді бақытты әншімін деп санаймын, себебі менің «Наурыз-думан» әнім осы мерекеде міндетті түрде шырқалады. Тек қана бір сахнада емес, бүкіл Қазақстанда, тіпті мектеп оқушыларына дейін, ауыл-аймақтарда, аудандарда менің осы әнім шырқалып жатады. Сондықтан мен – осы наурызды жырлайтын бақытты әншімін. Елімізге биылғы Наурыз бақ-береке әкелсін, бірлік алып келсін. Қазақстанымыз жылдан жылға көркейе берсін!», – деді Қазақстанның Еңбек ері, Халық артисі Роза Рымбаева.

Алматылықтарға ерекше сый ретінде «Көк-Төбедегі» аспалы жол бүгін сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін тегін жұмыс істеді. Соның арқасында мерекелік іс-шараға келген көрермен қатары көп болды. 

«Бүгін Көрісу күні «Көк-Төбенің» төрінде тойланып жатыр. Құрметті алматылықтар, баршаңызды Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Амал күнінің тәрбиелік мәні зор. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, ағайын-туыс арасындағы байланысты үзбеуге бағыттайтын мағынасы зор мереке. Қазақта «Баталы ел азбас» деген сөз бар. Сол себепті бүгінгі Амал күнінде бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтып, баталы болайық! Амал күні құтты болсын, ағайын!», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал артист  Жанар Айжанова.

Айта кетейік, Алматыда 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігі аясында 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған. Олардың ішінде көрмелер, спектакльдер, спорттық жарыстар, танымал артистердің қатысуымен өтетін концерттер және басқа да қызықты іс-шаралар бар. Ауқымды іс-шаралардың аңдатпалары Алматы қаласының Мәдениет басқармасының @almatymadeniet парақшасында және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,318 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.