AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызнама: Бостандық ауданында оқушылар ұлттық сп...

Наурызнама: Бостандық ауданында оқушылар ұлттық спорттан жарысты

Әлеумет 20.03.2025, 22:02 1,001
Наурызнама: Бостандық ауданында оқушылар ұлттық спорттан жарысты
Алматы қаласы білім басқармасы

Алматы қаласында Наурыз мейрамын атап өту аясында Бостандық ауданының оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Бүгін №140 Мұқағали Мақатаев атындағы гимназияда ауданның 9-11 сыныптарынан 300-ден астам оқушы жиналды.

«Біз мұндай іс-шараларды жыл сайын ұйымдастырамыз. Басты мақсатымыз – дәстүрлі қазақ ойындарын насихаттау, ұлттық құндылықтарды нығайту, патриотизмді тәрбиелеу және жастардың спорттық рухын дамыту. Балалардың физикалық қабілеттерін, командалық рухын шыңдау және ең бастысы, салауатты өмір салтын қалыптастыру өте маңызды», – деді Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек.

Аудан мектептерінің оқушылары қазақ күресі, асық ату, арқан тарту және басқа да спорт түрлерінен өздерінің күшін, ептілігін және төзімділігін көрсетті.

«Асық ойнауды маған атам үйреткен, біз бірге жиі асық атысамыз. Дала өркениетінен бастау алатын осындай ұлттық ойындардың бүгінгі күнге дейін сақталып, мемлекет тарапынан қолдау тауып жатқанына өте қуаныштымын», – деді №165 мамандандырылған лицейінің оқушысы София Ри.

Ұйымдастырушылар мен қонақтардың айтуынша, жарыс жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылар жақсы физикалық дайындықтарын көрсетіп, жеңіске деген жігер танытты. Жеңімпаздар арнайы грамоталармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #наурыз #ұлттық ойындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);