AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызнама: Алматыда Наурызды мерекелеу аясында сп...

Наурызнама: Алматыда Наурызды мерекелеу аясында спорт күні қалай өтті?

Әлеумет 20.03.2024, 13:15 998
Наурызнама: Алматыда Наурызды мерекелеу аясында спорт күні қалай өтті?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

20 наурызда Қазақстанда Наурызнама онкүндігін мерекелеу аясында ұлттық спорт күні өтті. Бұл күні Алматыда аудандарда, мектептерде және комьюнити орталықтарда көптеген іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл күні мектеп оқушылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Жетісу ауданының № 110 мектеп-гимназиясында 7-8 сынып оқушылары арқан тарту, асық ату, тымақ ұру, қол күрес, бұқа тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты, №7 Оқушылар үйінде «Тоғызқұмалақ» зияткерлік ұлттық ойыны бойынша оқушылар арасында «Ұлыстың Ұлы күні – ұлттық игі» атты қалалық жарыс өтті. Әуезов ауданының №116 мектебінде оқушылар арқан тарту, асық ату, тымақ ұру, бұқа тартыс және тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. 



Сонымен қатар, Наурызнама онкүндігін мерекелеу аясында ұлттық спорт күніне арналған мерекелік іс-шара қалалық комьюнити орталықтардың бірінде өтті. Түрксіб ауданында жастар арасында арқан тарту, армрестлинг және асық атудан жарыс ұйымдастырылды. 


Наурызбай ауданында № 76 мектеп-гимназиясында ұлдар арасында асық ату, тоғызқұмалақ, бестас (шекемтас), қол күрес, ләңгі тебу, арқан тарту, ханталапай және тымақ ұрудан ұлттық ойындар өткізілді. Ұлттық ойындарға 100-ден астам оқушы қатысты.



Алатау ауданында №152 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында арқан тарту, асық ату, бес асық, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, бұқа тартыс және теңге алудан жарыстар өтті.



Бостандық ауданында Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық челленджі өткізілді. 200-ден астам жас домбырашы Ер Тұран мен Балбырауын сынды қазақ композиторларының күйлерін тартты. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);