AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Наурызнама: Алматы театрлары «Қара жорға» ырғағыме...

Наурызнама: Алматы театрлары «Қара жорға» ырғағымен тоғысты

Мәдени Алматы 16.03.2026, 16:04 808
Наурызнама: Алматы театрлары «Қара жорға» ырғағымен тоғысты
Алматы әкімдігі

Бүгін Наурызнама онкүндігінің үшінші күні — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Алматыны би думаны кернеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мегаполистегі жетекші театрлардың артистері көктемнің жаңаруын айшықтайтын мерекемен қала тұрғындарын құттықтау үшін ауқымды флешмобқа бірікті.

Бұл үлкен перформанстың бастамашысы — Наталия Сац атындағы театр. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің ресми қолдауымен ұйымдастырылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қала әкімдігі аталған театр ғимаратында ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы жақында Almaty TV телеарнасындағы «Архитектор» бағдарламасының бір шығарылымында кеңінен айтылған болатын.

Жарқын флешмобқа сондай-ақ мына театр ұжымдары қатысты:

- Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры;

- М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры;

- Қ. Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры;

- Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры;

- Республикалық академиялық неміс драма театры.

Түрлі шығармашылық мектептер, әртүрлі этностар мен стильдер тоғысқанымен, барлығын бір ырғақ пен ортақ рух біріктірді. «Қара жорға» биі шекара атаулыны жойып, бүкіл қаланы біртұтас мерекелік сахнаға айналдырды. Ол достықтың, ата-баба мұрасына деген құрметтің және Алматы мәдени кеңістігінің ажырамас бірлігінің жарқын символына айналды.

Бір ерекшелігі, флешмобқа кәсіби бишілер емес, драма театрларының актерлері қатысты. Олар небәрі бір аптаның ішінде дала биінің ырғағын шебер меңгеріп, әрбір қимылына актерлік шеберлік пен ұлттық дәстүрге деген құрметті дарыта білді.

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі бірегей хореография әзірлеп, флешмобтың кәсіби деңгейде өтуіне үлес қосты.

Жобаның жүзеге асуына Almaty TV телерадиокомпаниясы да ерекше үлес қосты. Арна хабар таратушы ғана емес, негізгі ақпараттық серіктес әрі идеялық қолдаушы ретінде түсірілім жұмыстарын ұйымдастырып, медиялық қолдау көрсетті. Соның арқасында мерекелік көңіл күйді миллиондаған көрермен экран арқылы сезіне алды.

Келе жатқан Әз-Наурыз мейрамы құтты болсын! Көктем әр шаңыраққа жылу, береке мен шабыт әкелсін!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хореография
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);