AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданының тұрғындары тұрақты газбен қамт...

Наурызбай ауданының тұрғындары тұрақты газбен қамтамасыз етіледі

Әлеумет 10.01.2025, 21:00 1,091
Наурызбай ауданының тұрғындары тұрақты газбен қамтамасыз етіледі
almaty-akshamy.kz

Алматының Наурызбай ауданында газбен жабдықтаудың жаңа магистральдық желісі салынып жатыр

 

Мегаполис басшысы Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Алматының Наурызбай ауданында газбен жабдықтаудың магистральдық желінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысымен қарқынды дамып келе жатқан Наурызбай ауданында ұзындығы 6,7 км жаңа жоғары қысымды газ құбыры салынады.

Биыл ақпанда мердігер «Akbars stroy Ltd» ЖШС-мен шарт жасалды.

Алматы әкіміне жұмыстардың жоспар бойынша жүргізіліп жатқаны баяндалды: қазір «Alma City» ТҮК аумағында 168 м құбыр төселді, Алатау даңғылында траншеялық жұмыстар жүргізілуде, онда 825 м құбыр төселді, Сәбденов көшесінде тесу әдісімен 96 м газ құбыры тартылды.

Ерболат Досаев болашақта іркілістерді болдырмау үшін ауданның болашағы зор құрылысын ескере отырып, газбен жабдықтау желілерін салу қажеттігін атап өтті.

Жаңа магистральдық газ құбырын іске қосу жеке жеткізуші қызмет көрсеткен қалаға қосылған аумақ тұрғындарының көпжылдық мәселесін шешеді.

Сондай-ақ, «Alma City», «Елім-ай 4» ТҮК, «Елисей алаңдары» КҚ және болашағы зор құрылыс сынды жаңа құрылыстардағы 3 мың адам тұрақты газбен қамтылады.
 
Құрылыс 2024 жылдың қазан айында аяқталады деп болжанып отыр. 

Жалпы, Алматыда газ тарту деңгейі 99,4%.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерболат Досаев #газ құбыры #Наурызбай ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);