AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Наурызбай ауданының 51 көшесінде жарықтандыру жүйе...

Наурызбай ауданының 51 көшесінде жарықтандыру жүйесі жаңғыртылып жатыр

Барлығы 28.10.2025, 16:21 667
Наурызбай ауданының 51 көшесінде жарықтандыру жүйесі жаңғыртылып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматының Наурызбай ауданында сыртқы жарықтандыру жүйесін салу және дамыту жұмысы жалғасып жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін арттыру, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру және ауданның көше-жол инфрақұрылымын жақсарту. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімдігі хабарлады.

Жұмыс екі бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Биыл АҚЖ желісі аясында ауданның 29 көшесінде сыртқы жарықтандыру орнату аяқталды. Сонымен қатар "Халық қатысатын бюджет" жобасы бойынша тұрғындардың көптеп жолдаған өтініші негізінде бұрын жарықтандырылмаған 22 көшеде жарықтандыру орнатылуда.

Қазір мердігер ұйымдар жарықтандыру тіректерін монтаждау, шам орнату, кабель желілерін тарту және электр желілеріне қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық жұмыс техникалық талап пен қауіпсіздік нормаларына сай атқарылып жатыр.

Тұрғындар өзгерістің тиімділігін айтып отыр.

"Бұрын кешкі уақытта көшеде қараңғы болып, әсіресе балалар үшін қауіпсіздік мәселесі қиын еді. Қазір жарық, жайлы, кеш шығудан қорықпаймыз. Ауданның көркеюіне атсалысып жатқан баршаға рақмет", – деді аудан тұрғыны Саида Филенкова.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, сыртқы жарықтандыру бойынша барлық жұмыс кезеңдерін биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);