AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өтт...

Наурызбай ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өтті

Әлеумет 22.05.2025, 11:52 1,010
Наурызбай ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өтті
Сурет: AMANAT партиясы

Алматы қаласы, Наурызбай ауданының Инновациялық шығармашылық орталығында «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында тұрғындардың өзекті мәселелерін тиімді шешуге бағытталған маңызды іс-шара  – мобильді қоғамдық қабылдау өтті.

        Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың өмірінде туындаған түйткілді мәселелерді тікелей тыңдап, оларға жедел және білікті кеңес беру арқылы нақты көмек көрсету. Қабылдауға Алматы қалалық мәслихатының депутаты Болат Ибрагимұлы, «AMANAT» партиясының Наурызбай аудандық филиалының төрағасы Баймұрат Жамбылов, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен тәжірибелі заңгерлер қатысты.

Қоғамдық қабылдау кезінде аудан тұрғындары түрлі сұрақтармен жүгінді. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік-экономикалық сипатта болды. Атап айтқанда, азаматтар несиелік міндеттемелерін өтеу тәртібі, медициналық мекемелерге тіркелу, банктік есепшоттардың бұғатталуы, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша көмек сұрады.

Келушілердің әрбір өтініші жеке қаралып, заң аясында нақты жауаптар мен кеңестер берілді. Қажет болған жағдайда, кейбір мәселелер бойынша жауапты органдарға ресми сауалдар жолданатыны айтылды. Заңгерлер мен сала мамандары тұрғындарға құқықтық тұрғыдан бағыт-бағдар ұсынып, туындаған жағдайдан шығу жолдарын түсіндірді.

          Депутат Болат Ибрагимұлының айтуынша, мұндай қоғамдық қабылдаулар халықпен ашық диалог орнатуға, олардың мұң-мұқтажын жедел жеткізіп, шешім қабылдау үдерісін жеңілдетуге зор мүмкіндік береді:

      «Біз үшін ең маңыздысы – тұрғындардың сенімі. Олар өз мәселесімен кімге жүгінерін біліп, нақты көмек алуы қажет. Партияның қолға алған бұл жобасы осы бағытта үлкен нәтижелерге жетіп келеді», – деді депутат.

         Ұйымдастырушылардың пікірінше, мобильді қоғамдық қабылдаулар «AMANAT» партиясының халықпен тікелей байланыс орнатудағы тиімді құралына айналды. Жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінде осындай қабылдаулар жалғасын табуда. Бұл бастама партияның халықпен ашық әрі есеп беретін саяси ұйым екенін дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #«AMANAT» партиясы #мобильді қоғамдық қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);