AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданында биыл 2200-ден астам адам жұмыс...

Наурызбай ауданында биыл 2200-ден астам адам жұмыспен қамтылды

Әлеумет 30.11.2021, 10:08 1,242
Наурызбай ауданында биыл 2200-ден астам адам жұмыспен қамтылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Еңбек» бағдарламасы Наурызбай ауданының тұрғындары арасында танымал.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай айтты, көп жағдайда азаматтарды жұмыспен қамтуға мемлекеттік бағдарламалар ықпал еткенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Аудан әкімі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 83 адам жіберілгенін, әлеуметтік жұмыс орындарына 89 тұрғын, қоғамдық жұмыстарға 690 адам, жастар практикасы бойынша 116 түлек жұмыспен қамтылғанын, тұрақты жұмысқа 1 542 адам, бірінші жұмыс орнына 4 жұмыссыз орналасқанын, бұдан басқа 200 АЕК мөлшерінде 153 грант берілгенін хабарлады.



«Еңбек» бағдарламасы Наурызбай ауданының тұрғындары арасында танымал. Оның арқасында көптеген адамдар жаңа дағдыларға ие болады, жұмыс табады және өз ісін ашады. Мысалы, биыл 133 миллион теңгеден астам сомаға 9 жоба мақұлданды. Біздің міндетіміз – қала тұрғындарының кәсіпкерлік бастамасына көмектесу», - деді Санжар Тоғай.



«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша жалпы құны 426 млн теңге болатын 28 жоба мақұлданды. Мысалы, «Almaty business – 2025» аясында кеңсе тауарларын өндіретін «Айнар-Кеңсе» кәсіпорнының жобасын іске асыру үшін 2%-дық мөлшерлемемен 70 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #еңбек #мемлекет #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);