ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданында асфальтталған жолдардың үлесі...

Наурызбай ауданында асфальтталған жолдардың үлесі 85%-ға жетті

Әлеумет 30.11.2021, 11:42 1,156
Наурызбай ауданында асфальтталған жолдардың үлесі 85%-ға жетті
Сурет: Inalmaty.kz
Жол жөндеу жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізілді

Жол жөндеу жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізілді


Биыл Наурызбай ауданында 29 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, 19 шақырым жол асфальтталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудан әкімі Санжар Тоғай мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz




"Осы маусымда жол жұмыстары қарқынды жүргізілді. Жыл басынан бері 28 000 ш.м шұңқырлар жөндеумен қамтылып, 180 люк пен тор көтерілді. Қыркүйекте ұзындығы 2 км Алатау көшесін екі бағытқа төрт жолақты қозғалыс арқылы тесу жүзеге асырылды. Қонаев көшесін кеңейту аяқталды. Абай даңғылын ұзарту жалғасуда", - деп атап өтті Санжар Тоғай.



Әкімнің мәліметінше, Наурызбай ауданында 348 көше бар. Асфальтталғандардың үлесі 85% құрайды. Инженерлік коммуникациялар (су құбыры, кәріз) құрылысы аяқталғаннан кейін барлық көше-жол желілерін асфальттау жоспарлануда.


Бұдан басқа, 100 көше (жалпы ұзындығы 114 км) тротуармен қамтамасыз етілді. 2021 жылы ұзындығы 9 км 13 көшеге тротуар салынды.


«Бюджетке қатысу» жобасы бойынша 5 көшеде арық желілері салынды, 34 көшеде арық желісінің құрылысы басталды.


Сөзінің соңында Санжар Тоғай Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша ауданның 312 көшесі толығымен жарықтандырылғанын хабарлады. Соның ішінде, биыл «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша 6 бау-бақша көшесі мен 47 жаяу жүргінші жолдары жарықтандырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.