ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданында 82 шақырымдық инженерлік желі...

Наурызбай ауданында 82 шақырымдық инженерлік желі салынып жатыр   

Әлеумет 30.07.2025, 20:52 545
Наурызбай ауданында 82 шақырымдық инженерлік желі салынып жатыр   
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Наурызбай ауданы инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртып жатыр. Ақжар ықшам ауданында су құбыры мен кәріз жүйесінің тарататын желілерді салудың екінші кезеңі басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметі...

Наурызбай ауданы инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртып жатыр. Ақжар ықшам ауданында су құбыры мен кәріз жүйесінің тарататын желілерді салудың екінші кезеңі басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметі мен аудан әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған пресс-тур барысында журналистер осы жұмыстың барысымен танысты.   

Былтырғы шілде айында басталған жобада 43,7 шақырым су құбыры мен 38,7 шақырым кәріз желісі тартылмақ. Жалпы құны 3,9 миллиард теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын осы күзге дейін аяқтау жоспарланған.

«Қазір ықшам ауданның 52 көшесінде құрылыс аяқталып, 37 шақырым су құбыры мен 35 шақырым кәріз құбыры тартылды. Күн сайын бұл нысанға 7-8 құрылыс бригадасы мен 20-дан астам арнайы техника жұмылдырылады», - дейді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Жандос Тәкібаев.

Бұл аудандағы жүзеге асырып жатқан алты ауқымды инфрақұрылымдық жобаның бірі ғана. Бірінші кезең аясында Ақжар ықшам ауданында 3 шақырымнан астам инженерлік желілер салынған, ал құрылыс жұмысы 2025 жылдың шілде айында аяқталмақ. Үшінші кезеңде 12,7 шақырым кәріз бен 16,2 шақырым су құбыры желісі тағы салынады.

Қарағайлы ықшам ауданында бірінші кезеңнің жұмыстары аяқталып, 4,2 шақырым су құбыры мен 2,1 шақырым кәріз құбыры тартылған. Сонымен қатар, ұзындығы 35 шақырым болатын батыс кәріз коллекторы салынып жатыр, бұл Наурызбай және Алатау аудандарының 175 мың тұрғынын орталықтандырылған кәріз жүйесіне қоспақ. Қарағайлының оңтүстік-шығыс бөлігінде де магистралды кәріз желісін тартып жатыр. 

«Осы жобалар жаңа және белсенді дамып келе жатқан Алматыдағы ықшам аудандардың он мыңдаған тұрғынын су құбыры мен кәріз қызметімен қамтамасыз етуге бағытталған», - деп атап өтті Жандос Тәкібаев.

Бұлар Наурызбай ауданында тұрақты инфрақұрылымдық базаның қалыптасуына мүмкіндік беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттырмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.