ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Қала қарбалас / Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттан...

Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін

Қала қарбалас 12.12.2024, 11:36 1,036
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында іске асырылған нысандар бойынша баспасөз туры өтті.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында іске асырылған нысандар бойынша баспасөз туры өтті.

 Аудан әкімі жоба авторларымен бірге тұрғындарға қайта құру нәтижелерін көрсетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бірінші нысан «Барлық» базарының алдындағы аумақты абаттандыру болды. Бұрын учаске қараусыз қалған, қазір ұзындығы 450 метр болатын заманауи қоғамдық аймаққа айналды. Абаттандырылған аумақта стихиялық сауданы болдырмайтын қоршаулар орнатылды, автоматты суару жүйесі бар 150 ағаш пен 60 бұта отырғызылды, сондай-ақ электр беру желілері тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жер астына көшірілді.

«Қазір бұл жер толығымен өзгерді. Жолдар, жасыл желектер, ыңғайлы аймақтар-бәрі тұрғындар үшін жасалып жатқанын көруге болады. Осы жобаға қатысқандардың барлығына рахмет», - деді аудан тұрғыны Бейбіт Назаров.

Баспасөз туры аясындағы келесі нысан Шұғыла шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер аймағы болды. Ұзындығы 350 метр болатын жаңа жаяу жүргіншілер аймағы тұрғындар үшін сүйікті орынға айналды. Мұнда балаларға арналған заманауи ойын алаңы, баскетбол алаңы және воркаут аймақ, мәдени іс-шараларға арналған амфитеатр.  Сондай-ақ, 84 қайың, 24 қарағай, 500-ден астам бұта отырғызылды, 3 400 м2 көгал  жасалды.  

Үшінші нысан «Эдельвейс» бақ-бақша қауымдастығы жолды абаттандыру болды, онда жол жабыны мен тротуарлар жақсартылды, бұл қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етті. Бұдан басқа, 3 800 м2 тротуар салынды, 14 500 м2 жол жабыны жаңартылды және «Әл-Фараби» ТК және басқа да тұрғын аудандарда жаңа асфальт төселді.  

«Жаңа асфальт, жарықтандыру-мұның бәрі біздің өмірімізді жақсартады. Біз бұл өзгерістерге ризамыз!»,- деп атап өтті», - Эдельвейс» БҚ тұрғыны Ирина Ваганова.

Соңғы нысан – Рахат шағын ауданындағы аулаларды абаттандыру. Абаттандыру аясында  Рахат ш/а сегіз көппәтерлі үйдің қасбеттері жаңартылды, аулалар заманауи келбетке ие болды, жаңа қоқыс жәшіктері орнатылды, футбол алаңы жаңартылды және жаңа асфальт төселді.  

«Қазір бізде жаңартылған футбол алаңы және  жайлы аула бар. Бұл біз көптен күткен нәрсе!», - деді  шағын аудан тұрғыны Ринат.

Өз кезегінде Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева ХҚБ бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. 

«Біз әрбір бастаманы бағалаймыз және оны ең жақсы жолмен жүзеге асыруға тырысамыз. ХҚБ - бұл әрбір тұрғын үшін ауданның дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігі», - деп бөлісті өз ойымен  аудан әкімі Назира Тоғызбаева. 

Наурызбай ауданы тұрғындардың бастамалары мен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қолдау арқасында жайлы әрі заманауи түрге енді, жақсы жаққа өзгеру жалғасатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.