AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Нашақорлыққа жол жоқ: Алматыда жалпықалалық науқан...

Нашақорлыққа жол жоқ: Алматыда жалпықалалық науқан өтті

Заң мен тəртіп 16.10.2025, 16:30 893
Нашақорлыққа жол жоқ: Алматыда жалпықалалық науқан өтті
Сурет: Polisia.kz

Алматыдағы "Динамо" стадионында нашақорлыққа қарсы жарнамаларды жою мақсатында "Нашақорлыққа жол жоқ" атты кең ауқымды жалпықалалық науқан ұйымдастырылды.

 Шараның мақсаты – қоғамның назарын есірткі жарнамасының таралу мәселесіне аудару, азаматтық белсенді ұстанымды қалыптастыру және жастарды қала кеңістігін есірткі айналымын насихаттайтын жазбалар мен интернет-сілтемелерден тазарту ісіне жұмылдыру.

- Есірткі жарнамасы – бұл тәуелділікке апарар алғашқы қадам. Ол қылмысқа итермелейді және адам өмірін бұзады. Сондықтан әрбір алматылық мұндай жазбаларды көрсе бейжай қарамай, хабар беруі маңызды. Бұл – қаланың қауіпсіздігіне қосқан жеке үлес. Алматы есірткі мен оның насихатынан азат қала болуы тиіс. Ал бұл нәтижеге тек полиция мен тұрғындар бірлесе әрекет еткенде ғана қол жеткізуге болады, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. 

Науқанға қатысушылар қала аудандарына бөлініп, қабырғалар, қоршаулар мен жерасты өткелдеріндегі мессенджер нөмірлері мен есірткі сатуға қатысты ақпарат тарататын интернет-сілтемелер жазылған жазбаларды өшіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы науқанға мыңға жуық адам – студенттер, еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде екі мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылып, олардың барлығы бұғаттау үшін уәкілетті органдарға жолданды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#нашақорлық #жалпықалалық науқан #жарнама жою
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);