ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Нарыққа сай кадр даярлаймыз

Нарыққа сай кадр даярлаймыз

Әлеумет 24.01.2025, 15:10 600
Нарыққа сай кадр даярлаймыз
aqshamnews.kz
Алматы технологиялық колледжі 1975 жылы даңқы сол кездегі Кеңес Одағына кеңінен танылған атақты АХБК-ға жұмысшы кадрлар дайындау мақсатында ашылған еді. Оқу ордасы «Алматы мақта-мата комбинаты»...

Алматы технологиялық колледжі 1975 жылы даңқы сол кездегі Кеңес Одағына кеңінен танылған атақты АХБК-ға жұмысшы кадрлар дайындау мақсатында ашылған еді. Оқу ордасы «Алматы мақта-мата комбинаты» үшін маман даярлайтын №203 қалалық кәсіптік- техникалық училище деп аталды.

 Сол жылдары оқу ордасына тек өз еліміздің жастары ғана емес, барлық одақтас елдерден арнайы келіп білім ала бастады. Мәселен, 1975–1998 жылдар ара­лығында училище АХБК үшін тоқымашы, иіруші, ленталық және тегістеу жабдықтарының операторы, ораушы, тоқыма және иіру өндірісі шеберлерінің кө­мекшілері, мата сапасын бақы­лаушылар, электр монтерлері, раклистер, тігіншілер мамандық­тары бойынша 8120 жоғары білікті маман даярлады.

1991 жылы оқу орны №1 жо­ғары кәсіптік училище болып қайта құрылса, 1997 жылы Алма­ты қаласы Білім басқармасының «№1 кәсіптік лицейі» деп аталды. Оқу орны еңбек нарығының, эко­номиканың талаптарына сәйкес келетін кәсіптер мен мамандық­тарға қайта бейінделді. Жаңа оқу-жоспарлау құжаттамасын, мо­дульдік оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу, әріптес кәсіпорындардың рөлін едәуір күшей­туді көздейтін білікті кадрлар даярлаудың кооперативтік жү­йесін енгізу қолға алынды.

Лицей базасында әдістемелік жұмыс, педагогикалық иннова­ция және біліктілікті арттыру ор­талығын құру сынды міндеттер сараланды. Нарық заманының талабына сай 1996-1997 жылдары «Шаштараз» мамандығы бойын­ша мамандар даярлауда «Қазақс­тан–Түркия» жобасы енгізілді. Түркия тарапынан оқу орнына шаштараз ісіне арналған жабдық­тар, құрал-саймандар мен пар­фюмдік материалдар қамтамасыз етілді. Анкараның ең білікті шаштараз шеберлері жыл бойы оқушыларға педагогикалық кәсі­би шеберлік құпияларын үйретті.

Сонымен қатар, Қазақстан– Герман үкіметаралық келісімі шеңберінде лицейде неміс ұлты­нан 130 адам «Қонақүй және мейрамхана ісінің маманы» ма­мандығын меңгерді. Олар бүгінде Қазақстанда ғана емес, Германия­да да қонақүй және мейрамхана бизнесі саласында жемісті еңбек етіп жүр.

Колледж шет мемлекеттермен де тығыз байланыста. Мәселен, «Шығыс-Батыс: қонақжайлылық дәстүрлерін байыту» жобасын Францияның Сыртқы істер ми­нистрлігі қаржыландырды. Ли­цейдің төрт қызметкері Париж қаласындағы «Бильяр» кәсіптік лицейінде қонақүй және мей­рамхана ісі бойынша тағылымда­мадан өтті.

Сонымен қатар, Париж қала­сының Кәсіптік лицейіндегі әріп­тестер қонақүй және мейрамхана бизнесі мамандарын даярлаудың инновациялық технологиялары бойынша «Шеберлік сыныбы» нысанында апталық сабақтар өткізіп тұрады.

Біз еліміздегі 180 үздік кол­ледж қатарында «Жас маман» бағдарламасына қатыстық. Бүгін­де бағдарлама аясында «Тамақ технологиялары» біліктілік орта­лығы ашылып, ол ең заманауи жабдықтармен жабдықталды. Қазіргі таңда қалалық, республи­калық және халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуге арналған алаңға айналып отыр. Колледждің білім алушылары өңірлік деңгейде 7 құзырет бо­йынша қатысады: «Аспаз ісі», «Кондитер ісі», «Мейрамхана сервисі», «Визуалды мерчендай­зинг және витринистика», «Гид-экскурсовод», «Қонақүйлерді басқару», «Наубайхана ше­берлігі» және осы бағдарларда бірнеше мәрте жеңімпаз атанды.

Бұдан бөлек, оқу орны Самар­қанд туризм және сервис техни­кумымен, «Caspian Center»-мен (Түркия Республикасы), NIKOLAOS Бари қорымен (Ита­лия), «Орталық Азиядағы кәсіптік білім беру (РЕСА)» (Германия) ұйымымен Швейцарияда оқу бағ­дарламасы бойынша ынтымақ­тастық шеңберінде «Дуалды кәсіптік білім беру жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын» қабылдап, «Кәсіптік стандарттар негізінде дуальды халықаралық тағылымдамадан өтті. 

Өткен оқу жылынан бастап Алматы қаласы әкімдігінің қау­лысымен жергілікті Білім басқар­масының «Алматы технология­лық колледжі» болып аталдық. Бүгінгі таңда колледжде волей­бол, футбол, баскетбол, үстел теннисі секциялары, сондай-ақ би үйірмелері, «Жасын», «Аспаз­дық іс», «Миксология», «Барис­та» және шахмат үйірмелері ұйымдастырылып, волонтерлік қызметке оқушылардың жарты­сынан астамы тартылды. «Ашық жүрек» еріктілер клубы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клу­бы, қыздарға арналған «Syrgalym» клубы бар.

Шетелдік серіктес компаниялармен және ұйымдар­мен белсенді ынтымақтастық, халықаралық байланыстар мен әрiптестiктi дамыту бағдарлары аясында колледж әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне танымал білім ордасына айналды. Білім беру бағдарламалары барлық кәсіби стандарттар мен жұмыс бе­рушінің талаптарын ескере оты­рып әзірленген. 

Біз әрдайым еңбек нарығы­ның өзгермелі жағдайларына сай, болашақта қайта оқытуды талап етпейтін, тек еңбек жағ­дайларының өзгеруі мен жаңа технологияларды енгізу фактісі бойынша біліктілікті арттыруды ғана қажет ететін кадрларды да­йындаймыз. Қазіргі нарық тала­бын басты бағдар етіп, сервис және тамақ технологиялары са­ласының ең қажетті мамандық­тарын дайындаймыз. Бұл үшін оқытудың икемді әдістерін қол­данамыз, дуалды оқытуды және кәсіпорындардың өтінімдері бо­йынша оқытуды кеңінен пайда­ланамыз. Жыл сайын колледждің 400-ге жуық түлегі еңбек нары­ғына араласып, кәсіби кадр не­месе ЖОО студенті мен жас кәсіпкер атанады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.