AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Нархоз Almaty Creative желісіне қосылды

Нархоз Almaty Creative желісіне қосылды

Білім және ғылым 20.11.2024, 19:00 946 Bakyt
Нархоз Almaty Creative желісіне қосылды
Сурет ЖИ

Алматы қаласының Креативті индустрияларды дамыту орталығы Almaty Creative Нархоз университетімен және Қазақстанның Креативті индустриялар альянсымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Альянспен ынтымақтастық Қазақстандағы саланың дамуына бағытталса, университетпен әріптестік студенттерге білім беру және мансаптық мүмкіндіктер ұсынады.

«Білім – креативті экономиканың іргетасы. Біз елдің алдыңғы қатарлы университеттерімен серіктестік орнатып, жас таланттарға креативті индустрияда табысты мансапқа қажетті білім мен ресурстар беруге қуаныштымыз. Бүгін біз осы миссияда тағы бір маңызды қадам жасап, Нархоз университетімен әріптестік орнаттық», – деп атап өтті Almaty Creative орталығының бас директорының міндетін атқарушы Бахыт Елюбаева.

Нархоз университетінің эндаумент қорының жетекшісі Дана Шаяхметтің айтуынша, Almaty Creative – қаланың креативті индустрияларын дамытатын бірегей ұйым.

«Біздің серіктестігіміз зерттеулер мен білім беру бағдарламаларының бағыттарын нығайта түседі», – деді ол.

Нархоз Almaty Creative серіктестері қатарына қосылған тоғызыншы жоғары оқу орны болды. Бұған дейін бұл желіге Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, AlmaU, Тұран университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ, «Әділет» колледжі және Еуропалық дизайн институты (IED) қосылған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #креатив
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);