ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Нақты сектор табысқа ие болуда: кәсіпкерлер "Ultty...

Нақты сектор табысқа ие болуда: кәсіпкерлер "Ulttyq ónim"көрмесінде өз жетістігін паш етті

Әлеумет 18.05.2025, 16:08 612
Нақты сектор табысқа ие болуда: кәсіпкерлер "Ulttyq ónim"көрмесінде өз жетістігін паш етті
сурет: ҚР Ұлттық экономика министрлігі
2025 жылы Қазақстан Үкіметі экономиканың нақты секторын жедел дамытуға сеніммен кірісті. Мемлекет IT мен логистикадан бастап, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау мен химияға дейінгі басты...

2025 жылы Қазақстан Үкіметі экономиканың нақты секторын жедел дамытуға сеніммен кірісті. Мемлекет IT мен логистикадан бастап, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау мен химияға дейінгі басты салалардағы шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларына ашық тапсырыс жариялады. Міндет-шағын бизнесті орта және ірі бизнестің деңгейіне жеткізу.

Кәсіпкерлерге "Даму" қоры айтарлықтай қолдау көрсетуде. Атап айтқанда, несиеге кепілдік беру көлемі едәуір артты. Енді кепіл жеткіліксіз болса, мемлекет жобаның 85%-ға дейінгі құнын жабады. Соның арқасында, елімізде жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік артады.

Бұл саясаттың нәтижесі де іс жүзінде белгілі болуда. 2010 жылдан бері "Дамудың" қолдауымен химия өнеркәсібі саласындағы 512 жобаға 195 млрд теңге берілген. 30,4 млрд.субсидия төленді. Алматы, Ақтөбе, Павлодар мен Алматы облыстарында ең көп жоба жүзеге асырылды.

Осындай өндірушілеріміз өз жетістігі мен өнімін осы күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан VIII жылсайынғы "Ulttyq ónim" көрмесінде паш етуде. Оған еліміздің барлық өңірінен 350 кәсіпорын келген екен.

Бұлардың қатарында маңғыстаулық "Каспийгрупп" компаниясы бар. Ол ыдыс жууға арналған жуғыш заттан бастап, тұрмыстық химияның кең ассортиментін шығарады: жуғыш ұнтақтар, оттегі ағартқыштары, гельдер мен сұйық заттар. Өндірістік алаңдар Ақтау мен Алматыда жұмыс істесе, өнімдері Қазақстанның алты өңіріне жеткізілуде.

""Даму" ресурсы арқылы мемлекеттік қолдау бізге жігер мен сенім береді. Жақын арада сусабындар, сабындар және басқа да құралдар шығаратын жаңа желілерді іске қосуды жоспарлап отырмыз", - дейді “Каспийгрупп" сату жөніндегі менеджері Армин Павиз.

Өз өнімін өндіретін келесі қатысушы астаналық "Yarko" компаниясы. Ол ұдайы өсіп, даму арқылы қанатын кеңге жаюда.

"2013 жылы біз 3000 бөтелке ғана жуғыш зат сататын едік. Қазір жылына 470 000-ын сатамыз. "Дамудың" арқасында жаңа нарықтарға шықтық. Өнім түрлері көбейіп, көлемі де артуда. Алдағы мақсат-еліміздегі ірі сауда желілері", - дейді компания өкілі Ерік Жармағамбетов.

"Yarko" өнімдері бүгінде елордалық СО-ларда қойылған. Өңірлік дистрибьюторлар арқылы да кеңінен таратылуда. Компания сонымен қатар "Халал" сертификатына ие. Ұлттық стандарттарға да толықтай сәйкес келеді.

"Ulttyq ónim" көрмесі мемлекеттік қолдау арқылы толымды табысқа қол жеткізудің жарқын үлгісі бола отырып, қазақстандық бизнесті  өрлетудің негізгі алаңы болып қала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.