AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Наиб мүфти студенттерге дәріс оқыды

Наиб мүфти студенттерге дәріс оқыды

Білім және ғылым 25.10.2021, 06:20 1,823
Наиб мүфти студенттерге дәріс оқыды
Сурет: Мuftyat.kz

Ершат Оңғар жастарға болашақта жұмысқа орналасу мәселесіне бағдар алып, дайындалуға кеңес берді.


Бүгін ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, PhD доктор Ершат Оңғар Нұр-Мүбарак студенттеріне арнайы дәріс оқып, тәжірибесін бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Білім алудың артықшылығына тоқталған наиб мүфти: «Адамның білім алып жатқан уақыты – ең керемет, қайталанбайтын, тіпті дұға-тілектері қабыл болатын берекелі кезең. Дәл қазір қабыл болмаса да, күндердің күнінде кезіндегі арманыңыздың ақиқатқа айналғанына көзіңіз жетіп жатады. Еліміздегі бірегей ислами университеті қабырғасында өтіп жатқан уақыттарыңызды бағалап, білімге ұмтылыңыздар. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп, қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді» деген. Білім жайлы аят-хадистер өте көп. Ең бастысы уақыттарыңызды бағалап, ұстаздарыңыздың соңынан қалмай білім нәріне сусындап үлгеріңіздер» деді.



Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 7 бағытта қызмет етіп жатқан діни мекеменің жұмыс барысы жайлы да атап өтті. Бұл студенттер үшін болашақта жұмысқа орналасу мәселесінде алдын-ала бағдар алып, қазіргі уақыттан бастап дайындалуына керемет кеңес болды.


Студенттер дәріс соңында көкейлеріндегі сауалдар мен туындаған сұрақтарын қойса, оған наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы тұшымды жауап берді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мүфти #наиб #Дәріс #ҚМДБ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);