AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Музыка, өнер және жаңа идеялар: Алматыда Picnic by...

Музыка, өнер және жаңа идеялар: Алматыда Picnic by Partners мыңдаған қонақтың басын қосты

Алматы Бүгін 15:52 53 Сұлу
Музыка, өнер және жаңа идеялар: Алматыда Picnic by Partners мыңдаған қонақтың басын қосты
Автор ұсынған сурет

Алматыда Almaty Resort аумағында дәстүрлі Picnic by Partners фестивалі өтті. Бұл іс-шара — жыл сайынғы қалалық мәдени іс-шаралардың ресми бастауы. 12 жылдық тарихы бар жоба алғашында шағын жергілікті іс-шара ретінде ұйымдастырылса, бүгінде ол республикалық ауқымға ие болды: қазір фестиваль бес ірі қалада - Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және Атырауда өткізіліп, мыңдаған қатысушы мен қонақты біріктіреді. Aqshamnews.kz тілшісі дәм, сән мен өнер тоғысқан фестивальден арнайы репортаж ұсынады.

Биылғы маусымда дәл Алматы бұл үлкен мәдени шараны бірінші болып қабылдап отыр. Уақыт өте келе Picnic by Partners тек музыкалық фестиваль емес, кең ауқымды қарым-қатынас, шығармашылық шабыт және кәсіби байланыс орнату алаңына айналды.

Әр жыл сайын мыңдаған адам келіп, заманауи қалалық қоғамның бір бөлігіне айналады. Қонақтардың назарына сонымен қатар - ерекше гастрономиялық жобалар, заманауи өнер қондырғылары, интерактив аймақтар, жаңа өнімдер мен қызметтердің тұсаукесерлері ұсынылды.

Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі - тәжірибе формат. Ұйымдастырушылар іс-шараның тұжырымдамасына жасанды интеллект технологиясын енгізді. Цифрлық жаңашылдықтар бағдарламаның мазмұнын байытуға, кеңістікті безендіруге және қонақтармен өзара әрекеттесудің жаңа түрлерін құруға көмектесті. Бағдарламаның негізгі бөлігі — әйгілі Esquire, ELLE және Harper’s BAZAAR басылымдарының идеялары негізінде құрылған пікірталас алаңдары мен сұхбаттар сериясы болды.

Әр аймақ өз тақырыбы бойынша жұмыс істеп, қонақтарды қызықтырған тақырыптарды қозғады. Фестивальдің тағы бір маңызды бөлігі — Алматы қаласының Туризм басқармасы қолдауымен ұйымдастырылған шеберлер алаңы. Мұнда қазақстандық қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды: ұлттық нақыштағы сувенирлер, әшекей бұйымдар, үйге арналған сәндік заттар және сәндік-қолданбалы өнердің бірегей үлгілері.

Әрбір бұйымда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен заманауи шығармашылық көзқарас үйлесім тапқан. Бұл кеңістік қонақтарға ұлттық мәдени мұрамызды тереңірек танып білуге, шеберлермен тікелей сөйлесуге, және оларды сатып алуға мүмкіндік берді.

«Алматы қаласының Туризм басқармасы осындай іс-шараларды үнемі қолдайды. Қазіргі таңда Picnic by Partners сияқты қала тұрғындарын біріктіретін фестивальдерге қолдау көрсетіп келеміз. Қолөнершілер өз жұмыстарын ұсынып, кең аудиторияға таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Туристер үшін бұл - қазақ дәстүрін жақыннан көріп, танып-білуге үлкен мүмкіндік. Осындай шаралар Алматының туристік тартымдылығын арттырып, қаланың жылы әрі ашық атмосферасын айқын көрсетеді»,-деді ол Алматы қаласы Туризм басқармасының креативті даму бөлімі бас маманы Алсу Марат.

Биылғы жұлдызды қонақтар қатарында қытайлық актриса, әнші Ян Гэ, әлемге танымал әзілкеш Тамби Масаев, дизайнер Гоша Карцев пен әнші-диджей Том Боксер болды.

Тіпті Тамби Масаев қазақтың дәстүріне тән шашу шашып үлгерді.

Picnic by Partners ұсынған қызық интерактив

Picnic фестивалінің ең ерекше дәстүрлерінің бірі — қонақтар арасында екі адамға арналған эксклюзивті саяхат ұтысын өткізу.

Биыл Алматыдағы Picnic қонақтарына Air Astana қолдауымен Дубайға жолдама ұтып алу мүмкіндігі берілді. Ол үшін қатысушылар фестиваль аумағындағы 9 арнайы пунктке барып, серіктестер дайындаған ойындарға қатысып, өз «төлқұжатына» мөр жинауы керек еді.

Кеш аяғында барлық кезеңнен өткен қатысушылар арасында ұтыс ойнатылып, Дубайға екі адамға арналған жолдаманың бақытты иесі анықталды. Осылайша Picnic биыл да қонақтарына тек музыка мен көңіл күй емес, ұмытылмас әсер мен ерекше мүмкіндік сыйлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық жастар лагерінің ресми жабылу рәсімі өтті: үш күндік халықаралық жастар диалогының қорытындыланды

Бүгін 16:45

Кім қан доноры бола алады және қандай қолдау шаралары көзделген?

Бүгін 16:27

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Бүгін 14:53

Донорлар – басқаларға өмір сыйлайтын адамдар

Бүгін 14:37

Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

Бүгін 12:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);