Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мұздағы марафон

Мұздағы марафон

Әлеумет 13.02.2023, 05:20 1,707
Мұздағы марафон
Сурет: ашық дереккөз

Экология жанашырлары Балқаш мұзы үстімен жүріп өтті


Балқаш көлінде 2023 жылдың 10-12 ақпанында «Ұлы Балқаш шақырады!» атты іс-шара өтті. 120-дан астам адам көлдегі мұз үстімен 8, 16, 24 км қашықтықты жүріп өтті.
2023 жылдың 10-12 ақпанында «Ұлы Балқаш шақырады!» атты Балқаш көліндегі ІІІ мұз үстімен өтудің негізгі ұйымдастырушысы Алматы Менеджмент Университеті (АlmaU). Бұл шараның басы-қасында Алматы Менеджмент Университеті президенті Асылбек Қожахметов, қоғам қайраткері, университет ректоры Гүлнар Күренкеева, қоғам қайраткері, саясаткер Дос Көшім, саяхатшы, велоинтуазист Александр Габченко, «World Class Almaty» фитнес-клубының бас директоры Валихан Тен, «Тұран Эксперсс» компаниясының бас диекторы Роман Ботабеков т.б. қатысты.



Алғаш рет 2019 жылы 20 ақпанда Балқаш көліндегі мұз өткелінен бірнеше топ өткен еді. Биыл да осы іс-шараны үшінші рет жалғастырып, мұз өткелінен өту арқылы Балқаш көлінің экологиялық проблемасына қоғам назарын аудару мақсаты көзделген. Сонымен қатар ішкі туризмді дамытуды, жас ұрпақты табиғатты аялауға, оның бар байлығын сақтауды үйрету, тарихи, мәдени, рухани және экономикалық маңызы бар Қазақстандағы ең үлкен экожүйеcі бар Балқаш өлкесіне қоғамның назар аудару игілікті іс екенін шараға қатысушылар толық түсінген.




Қазақстандағы табиғаты сұлу өлкенің байлығын сақтап қалу тек осы аймақ емес Алакөл ойысының қазіргі жағдайы алаңдаушылық туғызып отырғаны белгілі. Жетісу өзендері Қаратал, Ақсу, Лепсіден құйылған судың сапасы мен су алабының азаюы, судың тартылу себептері ғалымдарды алаңдатып отыр.
Балқаш суының құрамы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі терең зерттелуде. Зерттеуші ғалымдар егер тез арада дұрыс шаралар қолданылмаса қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілмесе басқа Қазақстан аймағындағы табиғат сияқты экологиялық апатқа ұшыраған өзен-көлдер тағдырын қайталайды деп алаңдаулы.
«Ұлы Балқаш шақырады!» жобасының авторы Асылбек Қожахметов Қазақстанда басқа да маңызы бар шаралардың ұйымдастырушысы ғана емес тікелей қатысушысы және жас ұрпақты табиғатты қорғауға, экожүйенің сақталу заңдылықтарын жас кезінен бойына сіңіруді мықтап қолға алу қажеттігін терең түсінген тұлға.
Мұзы қатқан Балқаш көлінің үстімен жүріп өтіп қана қоймай, іс-шараның идеологы Асылбек Қожахметов «Balgash talks: экология философиясы» атты әңгімелесу ортасының модераторы, қоғам қайраткері, саясаткер Дос Көшім, саяхатшы, велоинтуазист Александр Габченко, «World Class Almaty» фитнес-клубының бас директоры Валихан Тен әртүрлі бағыттағы экология тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.




Медиа және кино мектебінен бірнеше оқытушы-профессорлар іс-шараға белсене қатысып, үшінші жорықтың экология, денсаулық, салауатты өмір салтын сақтау мәселелеріне болашақ журналист, қоғаммен байланыс, киногерлердің назарын аудару мақсатын көздеп отыр. Медиа және кино мектебінде өтілетін пәндер мен экологиялық журналистика, дүниежүзілік, сондай-ақ аймақтық маңызы бар экологиялық мәселелерді кең көлемде көрсетуді көздейтін журналистика жанрлары, оның пәні адам өмір сүріп жатқан қоршаған ортаға қатысты ағымдағы оқиғаларға, үрдістерге және проблемаларға қатысты ақпаратты жинау, талдау және тарату болып табылатынын, алдағы уақытта экология саласында қызмет еткісі келетін жас журналистерге арналған дәріс өткізуді жоспарлап отыр. Экология тақырыбында жазып жүрген журналистер баршылық және журналистер мен еріктілер «Ұлы Балқаш шақырады!» іс-шарасы арқылы ақпаратты жинау дағдысы мен жас ұрпақтың табиғат пен қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастыруда мүмкіндігі зор.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#марафон #Мұз #Балхаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.