Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мұражай қызметкерлері тәжірибе алмасты

Мұражай қызметкерлері тәжірибе алмасты

Әлеумет 14.10.2024, 12:53 1,210
Мұражай қызметкерлері тәжірибе алмасты
aqshamnews.kz
 

Өнерде шекара жоқ. Жақында Санкт-Петербург Сыртқы байланыстар комитетінің бастамасымен және Ресей ынтымақтастығының қолдауымен Санкт-Петербургте «Мұражай тәжірибелері: сақтаудан бастап қатысуға дейін» атты кәсіби даму бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл бағдарламаға Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қызметкерлері де қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Санкт-Петербург Сыртқы байланыстар комитетінің шақыруымен Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан және Оңтүстік Осетия елдерінің 21 мұражайынан 34 маман жиналды. Олар бір апта бойы Санкт-Петербургтің мәдени мекемелерінің жұмысын зерттеп, үздік тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік алды.

Бағдарлама барысында Ресейдің саяси тарихы Мемлекеттік музейі негізінде қатысушылар үшін дәрістер, шеберлік сыныптары және семинарлар өткізілді. Тақырыптар қатарында мұражай қызметін есепке алу және сақтау, мұражай заттары мен коллекцияларын цифрландыру, экспонаттарды сипаттау әдістері, халықаралық көрмелер ұйымдастыру, балалар бағдарламаларын әзірлеу және өткізу, жаңа аудиторияны тарту жолдары сынды мәселелер қамтылды.

– Мәнді әрі мазмұнды оқу бағдарламасы аясында біз Ресейдің саяси тарихы Мемлекеттік музейіне, Санкт-Петербургтің мемлекеттік тарих мұражайына, Петропавл бекінісіне, Ресей этнографиялық мұражайына, «Балтық үйі» театр-фестиваліне, Ленинградтың мемлекеттік қорғаныс және блокада мемориалдық мұражайына, тарихи тәрбие беру Балалар мұражай орталығына және Ресей мемлекеттік өнер мұражайына бардық. Бұл бізге руханият әлемінен мол мағлұмат алуға мүмкіндік берді. Жас мамандарға мұндай жобалар өте қажет. Үйренгенімізді өзімізде қолдануға әзірміз, – дейді өнертану магистрі, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің баспасөз хатшысы Ақбота Әлімхожина.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Санкт-Петербург #Мұражай #Әбілхан Қастеев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.