AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Париж-2024 / Мұңайма Әбиба, мұңайма Әбиба!

Мұңайма Әбиба, мұңайма Әбиба!

Париж-2024 29.07.2024, 11:39 1,464
Мұңайма Әбиба, мұңайма Әбиба!
www.instagram.com/abiba48/

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Парижде өткен Олимпиада ойындарында қола медалға күресіп сәтсіздікке ұшыраған соң әлеуметтік желідегі парақшасында халыққа арнап жазба жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Мені қолдап, жүлдесіз қалғаныма қарамастан жылы лебіздеріңізді арнап жатқандарыңызға рақмет! Мен бұл күнді ұзақ күткен едім. Қазақстан әйелдер дзюдосының тарихын жаңартуға бар күшімді салғаныммен, өзім ойлағандай нәтижеге қол жеткізе алмадым...", - деп жазды спортшы.

Әбиба Әбужақынова халықтан кешірім сұрап, өз жазбасында былай деп айтты:

 "Маған сенген баршаңыздың үміттеріңізді ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын! Мен мұнымен тоқтап қалмаймын! Мықты болып ораламын!"

Қазақстандықтар спортшы қыздың намысшыл екеніне тәнті болды. Әбиба Әбужақынова өзінің жігерлілігі мен қайсарлығы арқылы көптеген жанкүйерлердің жүрегін жаулап алды. Оның алдағы жарыстарда үлкен жетістіктерге жететініне сенім мол.

Әбужақынованың өзіне артылған үмітті ақтау үшін бар күш-жігерін салатынына сенім білдірген жанкүйерлері оның келесі жарыстарына табыс тілеп, қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әбиба Әбужақынова #дзюдо #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);