Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлаймыз

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлаймыз

Әлеумет 24.01.2025, 17:26 717
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлаймыз
Сурет: Almaty.tv

Мүмкіндігі шектеулі жандар да – қоғамның бір мүшесі. Олардың ішінде қабілеті бары білім алып, жұмысқа тұрып, қоғаммен біте қайнасып кете алады. Бұл топтағы жандар үшін мемлекет тарапынан кедергісіз орта қалыптастырылып, жағдайлар жасалған. Алматыда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға бөлінетін қаржы көлемі жыл өткен сайын артып келеді.

 Бүгінде Алматыда 59 мыңнан астам мүгедек адам тұрады. Соның ішінде 9700-ден астамы бала. Сырқат бала бағу оңай еме с. Сондықтан ата-аналарға қай кезде де қолдау қажет. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек те аз емес.

Мәселен, Алматыда мүгедектігі бар адамдарға, мүгедек балаларға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болуға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін 10 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейтінін айта кетейік. Соның ішінде, мәселен, «Сенім» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 3 ж астан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар 133 мүгедек бала қызмет алуда. Сондай-ақ, 30 балаға арналған паллиативтік бөлім бар. «Сенім» арнайы жабдықтармен, әлеуметтік- тұрмыстық бағдарлау кабинетімен, оқу сыныбымен, сенсорлық кабинетпен, физио-кабинетпен, дефектолог, л огопед, ЕДШ кабинеттерімен жабдықталған.

Ал «Шапағат» әлеуметтік қызметтер орталығының жартылай стационар режимінде былтыр 1,5 жаст ан 18 жасқа дейінгі 107 балаға психоневрологиялық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған қызметтер көрсетілді. Ата-аналар балаларын орталықта 8 сағатқа қалдырады. Сөйтіп, өздері алаңдамай жұмысына барып келеді. Бұл орталықтың Алатау, Бостандық, Наурызбай және Түрксіб аудандарында күн сайын 185 мүгедек бала баратын 5 бөлімшесі бар.

Ата-ана, әлбетте, бала үшін деп өмір сүреді. Ауру баламен төрт қабырғада отырып қалмасын деп, олар да бір мезгіл балаларымен бірге сергісін деп, жылда түрлі концерттер, қаладағы танымал туристік орындарға тегін экскурсия ұйымдастырылады.

Циркке, «Алматы Аренада» өтетін қайырымдылық кештеріне барады. Жобаға қатысушылар былтыр Ботаникалық баққа, «Oi-Qaragai» таулы курортына және Қазақст ан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа барды. Олармен бірге көпбалалы отбасынан шыққан жеткіншектер де қыдырады. Демек, барлық бала тең. Олар бірг е қуана біледі, жақсылық а таулыны бірге бөліседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#адам #қоғам #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.