Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мүмкіндігі мол он алты бағыт

Мүмкіндігі мол он алты бағыт

Әлеумет 30.10.2023, 12:59 1,036
Мүмкіндігі мол он алты бағыт
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Алматы агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын келісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматыда VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс IX сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – Алматы агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі Кешенді жоспарын келісу.


Кешенді жоспар агломерацияның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат аумақтық, әлеуметтік, жол-көлік, инженерлік, экономикалық, экологиялық және цифрлық даму бойынша 16 стратегиялық бағыт аясындағы жобаларды қамтиды.



Өз сөзінде Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин атап өткендей, Кешенді жоспар аясында қала және облыс әкімдіктерінің дамудың негізгі бағыттары бойынша қызметін үйлестіруді көздейді.


«Цифрлық даму бағытында деректер базасын интеграциялау және бірыңғай геоақпараттық жүйені жүргізу жоспарлануда. Бұл агломерацияның картографиялық және қала құрылысы деректерін біріктіруге, қала маңы аумақтарының нысаналы мақсатын бекітуге және т.б. мүмкіндік береді, - деді алғы сөзінде Асқар Әмрин.


- Алматы қаласының көлік қаңқасын тиімді іске асыру үшін қажетті Алматы агломерациясының бірыңғай көлік моделі әзірленетін болады».


Асқар Әмрин «қала мен қала маңы аймағында қоғамдық көлікті интеграциялау, БАКАД-қа дейінгі 4 радиалды және 7 ішкі магистральдық көшелерді тесу, қала маңындағы теміржол жолаушылар тасымалын дамыту көзделгенін» айтты.


Оның айтуынша, жаңа білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салу, сондай-ақ қала маңы аймағында жұмыс орындарын құру есебінен әлеуметтік саланы дамытуға бірыңғай тәсіл іске асырылатын болады. Сонымен қатар, бірыңғай жасыл агломерация дәлізі және тағы басқалар құрылады.


Естеріңізге салсақ, Алматы агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі Кешенді жоспарының жобасын Алматы қаласы мен Алматы облысының хатшылықтары «Агломерацияларды дамыту туралы» Заңның 13-бабын іске асыру шеңберінде әзірлеген болатын. Бұған дейін Кешенді жоспарды Алматы агломерациясының жергілікті кеңесі келіскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.