AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Республ...

Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Республика күні дәріптелді

Барлығы 24.10.2025, 14:30 596 Нұржамал ӘЛІШ
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Республика күні дәріптелді
Автор

Республика күніне орай "Республика күні – ұлттық бірлік пен жаңғыру мерекесі" тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті. 
Іс-шараның мақсаты – елдің тәуелсіздігі мен мемлекеттіліктің қалыптасуындағы Республика күнінің тарихи маңызын дәріптеу, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы бірлік пен жаңғыру құндылықтарын насихаттау.

"Республика күні – бұл еліміздің туған күні. Қадірлі жастар, бұл әрқайсысымыз үшін ең қымбат, ең қадірлі күн болуы тиіс. Біз осынау Тәуелсіздіктің, бейбіт өмірдің қадірін білуіміз керек. Әне, байқасаңыздар, қуатты деген Газаның өзі бір күннің ішінде жермен-жексен болды. Мысалы, ол табиғаттың апаты болса, онда түсінер едік. Осының бәрі мемлекеттер, ұлттар арасындағы түсінбеушілік, алауыздықтың кесірінен. Сондықтан, жастар, бізге бейбіт өмір, мәдени сана, жоғары білім керек. Егер мемлекетіміз тыныштық құшағында болса, мәдениетіміз де, өнеріміз де, ғылымымыз да, бәрі әлемдік деңгейге көтеріле алады. Тәуелсіздік мына отырған өздеріңе аманат, айналайындар! Білімге, ғылымға ұмтылыңдар, тіл біліңдер. Сонда сендер алмайтын қамал болмайды", – деді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Ғизаттулла Халидуллин.

"Дөңгелек үстел" басындағы әңгімеде тарих ғылымдарының докторы Ханзада Сутева, аға оқытушы, магистр Медет Азанбаев, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Гүлжанат Ғабдулахметқызы мен "Аманат" партиясы Алатау аудандық филиалының төрайымы Жарқынгүл Алдамбергенова да ой-пікірлерін ортаға салды.    

Кеште өнерлі жасөсіпірімдерден құралған "Алаш" ансамблі мен "Дара тұмар" орталығының оқушылары өнер көсертті. Жиналғандар "Ерке сылқым", "Көне тараз", "Ақарал", "Әке толғауы" сынды күйлерді тыңдап, қол соғып, өрендерге шығармашылық табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Республика күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);