ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мүгедектігі бар жандарға қандай жәрдемақы беріледі...

Мүгедектігі бар жандарға қандай жәрдемақы беріледі?

Әлеумет 18.10.2025, 17:02 2,357
Мүгедектігі бар жандарға қандай жәрдемақы беріледі?
Сурет: Almaty.tv
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы республикалық бюджеттен мүгедектік және асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы төлеуге 488,5 млрд теңге бөлінді, деп...

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы республикалық бюджеттен мүгедектік және асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы төлеуге 488,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұған қоса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) тарапынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айрылу жағдайларына байланысты 66,8 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер жасалды.

2025 жылғы 1 қазан жағдайына сәйкес, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 544 мың адамды, ал асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылардың саны - 155,9 мың адам.

Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мүгедектік тобы мен себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептеледі.

Асыраушысынан айрылу жағдайындағы жәрдемақы мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) адамның асырауындағы адамдар санына, өлім себебіне және күнкөріс минимумының мөлшеріне тәуелді.

Әлеуметтік төлемдердің көлемі әр адам үшін жеке есептеледі және ол келесі көрсеткіштерге байланысты:
    •    соңғы екі жылдағы МӘСҚ-қа аударылған әлеуметтік жарналар есептелген орташа айлық табысқа,
    •    еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициентіне,
    •    асырауындағы адамдар санына,
    •    міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне,
    •    табыс орнын алмастыру коэффициентіне.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, күнкөріс минимумының өсуіне байланысты мүгедектік пен асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 6,5 %-ға ұлғайтылды.

Үкімет шешімімен еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айрылу жағдайларына байланысты МӘСҚ төлемдері де 6,5 %-ға артты.

Сонымен, жалпы аурудан мүгедек болғандарға арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері:
    •    I топ – 101 702 теңге,
    •    II топ – 81 362 теңге,
    •    III топ – 55 474 теңге.

2025 жылғы 1 қазан жағдайына сәйкес, еңбекке қабілеттіліктен айырылу бойынша орташа әлеуметтік төлем мөлшері 72 087 теңгені, ал асыраушысынан айрылу бойынша – 75 064 теңге.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.