ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мүгедектігі бар адамдардың ұйымы корпоративтік таб...

Мүгедектігі бар адамдардың ұйымы корпоративтік табыс салығынан босатылады

Әлеумет 27.08.2025, 11:37 527
Мүгедектігі бар адамдардың ұйымы корпоративтік табыс салығынан босатылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz
*Мүгедектігі бар адамдардың ұйымы корпоративтік табыс салығынан босатылады*

*Мүгедектігі бар адамдардың ұйымы корпоративтік табыс салығынан босатылады*

Қызметкерлерінің басым бөлігін мүгедектігі бар адамдар құрайтын ұйымдар корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша жеңілдіктерге ие болады. «Егер мүгедектігі бар қызметкерлер саны 10 адамнан асса, ұйым корпоративтік табыс салығын төлеуден толық босатылады», – деп мәлімдеді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық бақылау басқармасы камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Данияр Талғат Өңірлік коммуникациялар қызметінде.

Ұйымды мүгедектігі бар адамдардың ұйымы деп тану үшін қажетті шарт:  
– мүгедектігі бар қызметкерлердің орташа жылдық саны жалпы қызметкерлер санының кемінде 51%-ын құрауы керек;
– оларға төленетін еңбекақы шығыны жалпы еңбек шығынының кемінде 51%-ын құрауы тиіс;
- табыстың кемінде 90 пайызы солардың араласуымен тауар сатып, қызмет сатудан түсуі керек. 

Сондай-ақ, бұл табыс ұйымның өз қызметіне бағытталуы қажет және мүгедектігі бар қызметкерлер басқа осындай типтегі ұйымдармен бір мезгілде еңбек қатынасында болмауы тиіс.

Мұндай ұйымдарға екі деңгейлі салық жеңілдігі көзделген:
– егер штаттағы мүгедектігі бар қызметкерлер саны 3-тен 10 адамға дейін болса, есептелген КТС сомасы 50%-ға азайтылады;
– ал егер қызметкерлер саны 10 адамнан асса – КТС толықтай жойылады.
Мемлекет осылайша мүгедектігі бар адамдар үшін тұрақты жұмыс орындарын құруға жағдай жасап, оларды белсенді тұрде жұмысқа   тартуға ынталандырып отыр.

Мұндай іс-шаралар салықтық жүктемені азайтып қана қоймай, сонымен қатар жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға да сеп болады. Инклюзивті кәсіпорындардың құрылуы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әлеуметтік бағыттағы бизнес-орта да қалыптастырады. Мұндай ортада ұйымдар мемлекеттік қолдауға ие болып, мүгедектігі бар адамдар кәсіби тұрғыда өзін-өзі шыңдауға қосымша мүмкіндік алады, – деп атап өтті Данияр Талғат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.