ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мүгедектігі бар адамдар оңалтудың түрін өзі таңда...

Мүгедектігі бар адамдар оңалтудың түрін өзі таңдай алады

Әлеумет 12.04.2023, 10:31 1,076
Мүгедектігі бар адамдар оңалтудың түрін  өзі таңдай алады
almaty-akshamy.kz
Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 138 мыңнан астам мүгедектігі бар адам көмек алды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме...

Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 138 мыңнан астам мүгедектігі бар адам көмек алды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Атап айтқанда, 107,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,1 мың ымдау тілі және 25 мың адам жеке көмекшінің қызметін алды.


Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 849 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 378 ОТҚ жеткізуші, 26 мыңнан астам жеке көмекші, 685 ымдау тілі және 105 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін жеткізуші тіркелген.



Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.



Айта кетсек, мүгедектігі бар адамдарға берілетін оңалту құралдары – протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар.


Порталды пайдалану бойынша кеңес алу үшін қолдау байланыс орталығына, яғни 1414 бірыңғай нөміріне хабарласуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,318 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.