Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мүгедек балалары бар ата-аналарға қосымша еңбек де...

Мүгедек балалары бар ата-аналарға қосымша еңбек демалысы берілмек

Әлеумет 30.05.2022, 10:40 1,197
Мүгедек балалары бар ата-аналарға қосымша еңбек демалысы берілмек
Cурет: Dszn.ru

Елімізде мүгедек балалары бар ата-аналарға ақысы төленетін қосымша еңбек демалысын беруді көздейтін заңнамалық түзетулер қарастырылып жатыр.


Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Еңбек кодексінің 89-бабына сәйкес, жұмысшылармен еңбек, ұжымдық келісімшартпен қосымша ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы белгіленуі мүмкін. Осылайша, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жұмысшыға ақысы төленетін қосымша еңбек демалысын беру мәселесін тараптар еңбек, ұжымдық келісімшарт аясында шеше алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.



Оның атап өтуінше, бұл мәселе өте өзекті. Сондықтан ол жұмыс берушілермен және «Атамекен» ҰКП-мен бірге заңнаманы жетілдіру, Әлеуметтік кодекс әзірлеу аясында қаралатын болады.



«Бұған қоса, бүгінде Үкімет, жұмысшылардың республикалық бірлестігі және жұмыс берушілер арасындағы бас келісім жүзеге асырылып жатыр. Онда келісім және ұжымдық келісімшарт аясында әйелдердің, жастар мен мүгедектердің негізгі құқықтары мен кепілдерін жүзеге асыруға жұмыс берушінің жағдай жасау көзделген»,- деді Ералы Тоғжанов.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мүгедек балалар #қосымша демалыс #заңнамалық түзетулер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызымен сұхбат

Бүгін 12:27

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті - видео

Бүгін 12:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бүгін 12:15

Димаш Құдайберген Алматыдағы музейге өзінің алғашқы домбырасын сыйға тартты

Бүгін 12:04

Алматыда Франсис Пуленктің монооперасы алғаш рет қазақ тілінде орындалады

Бүгін 11:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі