ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мұғалімдеріміз өз қызметіне деген адалдықтың озық...

Мұғалімдеріміз өз қызметіне деген адалдықтың озық үлгісін көрсетті – Мәулен Әшімбаев

Әлеумет 03.10.2021, 09:55 1,070
Мұғалімдеріміз өз қызметіне деген адалдықтың озық үлгісін көрсетті – Мәулен Әшімбаев
Cурет: Egemen.kz
Ұстаз есімін ұлықтау – әр адамның азаматтық парызы.

Ұстаз есімін ұлықтау – әр адамның азаматтық парызы.


ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Құрметті ұстаздар! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – ұстаздардың ұлт тәрбиелеу жолындағы ерен еңбегіне деген ерекше құрметтің белгісі. Шын мәнінде, ұрпақтың ұлағатты да парасатты болып қалыптасуы мұғалімнің берген білімі мен тәліміне байланысты. Сондықтан ұстаз есімін ұлықтау – әр адамның азаматтық парызы.
Пандемия салдарынан білім беру саласы айтарлықтай зардап шеккені белгілі. Сол келеңсіздіктерді еңсеру жолындағы ұстаздардың қажыр-қайратын айрықша атап өткен жөн. Осылайша мұғалімдеріміз өз қызметіне деген адалдықтың озық үлгісін көрсетті. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан ұстаздарға әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп келеді.
Президентіміз биылғы Жолдауында педагогтердің жалақысын өсіру, олардың біліктілігін арттыру және бәсекеге қабілетті маман болуына қажетті жағдай жасау бойынша тиісті орындарға нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы белгілеп берген осындай міндеттердің нәтижелі іске асырылуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге Парламент Сенаты қашанда дайын.
«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұстаздар қауымы қандай құрметке де лайық. Сол себепті, алдағы уақытта педагог мамандарға, жалпы білім беру ісіне жүйелі қолдау көрсету ісі жалғаса береді. Бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, толайым табыс және амандық тілеймін! Жетістігімен қуантар шәкірттеріңіз көп болсын!», деп жазды Сенат төрағасы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.