Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мұғалімдер біліктілікті арттыру тестін тапсыра алм...

Мұғалімдер біліктілікті арттыру тестін тапсыра алмады

Әлеумет 10.04.2023, 10:33 977
Мұғалімдер біліктілікті арттыру тестін тапсыра алмады
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласында орналасқан Ұлттық тестілеу орталығының филиалынан шу шықты, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



Еліміздің әр өңірінен келген мұғалімдер ұлттық біліктілікті арттыру тестін тапсыра алмаған. 200-ден аса мұғалімдер екі сағаттан астам уақытын орталықтың алдында өткізген. Ал тестілеу орталығының мамамандары техникалық жағдайларға байланысты тест сенбіге ауысқанын атап өтті.


Таңнан бері орталықтың алдын күзеткен мұғалімдер тестілеу орталығына өз арыз-шағымдарын жеткізді.



Бүгін әр өңірден жиналып, біліктілікті арттыру тестін тапсыруға келдік. Екі сағаттай орталық алдында тұруға мәжбүр болдық. Мұндағы қызметкерлер Астана қаласындағы база ашылмады, сол себептен тест тапсыру мүмкін болмайды деді. Шет жақтан келгендер қайта-қайта сабылмайтынын айтып жатыр. Оларды да түсінуге болады. Мына жерде ең болмаса отыратын жерде жоқ. Аяқтан тік тұрып күтуге мәжбүр болдық, – дейді мұғалімдер. 



Тестілеу орталығының мамандары мән-жайды түсіндіріп, тестің сенбіге, яғни 15-і сәуірге ауысу себебін айтты. Сондай-ақ, ұстаздарды сабырға шақырып, техникалық олқылықтардың болуына түсіністікпен қарауын өтінді. 



Тест тапсырушының үстінде камера тұрады, оны Астана қаласындағы тест орталығы бақылайды. Камераның істемей қалуына байланысты тест тапсыруға Астана қаласынан рұқсат берілмеді. Сол себептен емтихан сенбіге ауысты. Бүгін келген адамдардың барлығы тест тапсырады. Тапсыра алмай қаламын деп қорудың керегі жоқ. Тек, тест тапсыру уақыты өзгерді. 15-і күні таңғы 9.00-ден бастап тест тапсыруға мүмкіндіктері бар, – дейді тест орталығының мамандары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалімдер #біліктілік #тест тапсыра алмады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.