AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мопед иелері тіркеу рәсімінен жеңілдетілген тәртіп...

Мопед иелері тіркеу рәсімінен жеңілдетілген тәртіппен өте алады

Әлеумет 28.01.2025, 11:37 1,121 Nursok82
Мопед иелері тіркеу рәсімінен жеңілдетілген тәртіппен өте алады
Сурет: Polisia.kz

Алматыда «Жол жүрісі туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес мопедтерді тіркеу басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев мәлім етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап мопед иелері тіркеу рәсімінен жеңілдетілген тәртіппен өте алады. ҚР Ішкі істер министрлігі қажетті құжаттардың тізбесін әзірледі. Мопедтің жақтауында сәйкестендіру нөмірі болмаса да тіркеуге рұқсат етіледі. Еліміздегі алғашқы тіркелген екі дөңгелекті көлік өткен аптада Алматыда техникалық паспорт пен мемлекеттік тіркеу нөмірін алды. 

Қазірдің өзінде қалада 60 мопед ресми тіркеуден өткен. Полиция мопед иелеріне арналған ақпараттық жадынамалар мен құжаттар тізімі көрсетілген кітапшаларды таратуда. Материалдар транспорт иелері көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы қол жетімді.

2025 жылдың 5 сәуірінде күшіне енетін жаңа заңнамалық түзетулерге сәйкес, мопедтер механикалық автокөліктерге теңестіріледі. Мұндай көлікті пайдалануға полицияда тіркеуден өткен жағдайда ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар, мопед иелері А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуы тиіс.

Айдын Меркімбаевтың айтуынша тіркеу эксаумақтық қағидаты бойынша жүзеге асырылады және  барлық мопед иелері үшін процесті жеңілдетеді. Алматы полициясы заңнама талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салып,  жүргізушілерді болашақта болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін тіркеу рәсімінен уақтылы өтуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мопед #тіркеу #Заңдастыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);