AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Монографияның тұсаукесері өтті

Монографияның тұсаукесері өтті

Білім және ғылым 11.12.2023, 12:41 1,580
Монографияның тұсаукесері өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жиында орта білім беру сапасын арттырудың негізгі аспектілері мен оқу үрдісін оңтайландыру әдістері талқыланды.


2023 жылдың 9 желтоқсанында Абай университетінде ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Асқарбек Құсайыновтың «Орта білім беру сапасын көтерудің ғылыми-практикалық негіздері» монографиясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҚызПУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері, сонымен қатар колледж оқытушылары мен мектеп директорлары қатысты.


Ғани Бейсембаев монография авторын құттықтап, педагогикалық жоғары оқу орындарының еліміздегі барлық мектептерге педагог кадрларын даярлаудағы рөліне тоқталды. Ұлттық баяндама жобасының білім беруді дамытуға бағытталған негізгі құжат екенін айта келе, министр білім саласындағы қолжетімділік пен теңдікті қамтамасыз ету, қолайлы білім беру ортасын құру және адами капиталды дамытуды қамтитын ортақ міндеттерді жүзеге асыру жолындағы екі министрліктің бірлескен жұмысын ерекше атап өтті.



ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі арасында жақында қол қойылған меморандум аясында жоғары оқу орындарының ректорлары мен білім басқармаларының басшылары білім беру сапасын арттыру және жоғары білікті педагог кадрларды даярлау бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқаны айтылды. Сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, білім және ғылым салаларында ынтымақтастық орнату бастамалары жүзеге асырылатын болады.




Монографияның тұсаукесер рәсімінде орта білім беру сапасын арттырудың негізгі аспектілері мен оқу үрдісін оңтайландыру әдістері талқыланды. Сондай-ақ тұрақты дамуға қол жеткізу үшін мектептер мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастық орнатудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қатысушылар профессор Асқарбек Құсайыновтың монографиясының ғылыми-тәжірибелік құндылығын жоғары бағалап, бұл еңбекті республика бойынша білім беру ұйымдарында – мектептерде, педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарында талқылауды ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#монография #Ғылым #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);