ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Момышұлының қолжазбасы бар карта табылды

Момышұлының қолжазбасы бар карта табылды

Өмір-өзен 15.05.2023, 10:16 2,009
Момышұлының қолжазбасы бар карта табылды
Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тарихи құжат академик Әлкей Марғұланның жеке мұрағатында сақталған.

Тарихи құжат академик Әлкей Марғұланның жеке мұрағатында сақталған.


Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің тарихшылары Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының Әлкей Марғұланға табыстап кеткен картасын анықтаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Аталмыш құжатты көпшілікке Марғұлан университетінде өткен конференция барысында Margulan Centre археологиялық орталығының қызметкері Еңлік Әбеуова таныстырды.


Картада Шымкент облысының 1972 жылғы әкімшілік территориясы көрсетілген. Аталған тарихи құжатты Халық қаһарманы академик Әлкей Марғұланға 1973 жылдың желтоқсан айында берген.


Картаның басты бетіне Бауыржан Момышұлы өз қолымен:


Таразыда – Тастария,


Сайрамдағы Сансызбай,


Арыстанда – Албарбарыс,


Жуалыда – Жолбарыс,


Түркістанда – Түйменбап деген сөздер бар біздің елде, сол сөздердің тарихтары терең, астарлары жер астында (археология) жатқан болар, - деп жазып қойған.


Ал картаның артқы бетіне сызба мен оның қысқаша анықтамасын келтірген, яғни ата-бабалары бойынша ақпарат берілген.


«Бұл құжаттың бүгінде тарихи маңызы өте зор. Себебі 60-тан асып, 70-ке таяған кездегі екі тау тұлғаның арасындағы қарым-қатынасы, туған жеріне, тарихына деген ықыласы сезіліп тұр. Бауыржан Момышұлы жер атаулары мен батыр бабалары бойынша ақпаратпен бөлісе отырып, әрі қарай зерттеуге, тарихты зерделеуге, жаңа мағлұматтар алуға қолқа салып отырғандай», - деді Еңлік Қабыкенқызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.