AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Мойнында үлкен ісік бар жаңа туған нәрестеге ота с...

Мойнында үлкен ісік бар жаңа туған нәрестеге ота сәтті жасалды

Медицина 28.04.2025, 10:53 838 Bakyt
Мойнында үлкен ісік бар жаңа туған нәрестеге ота сәтті жасалды
Жедел медициналық көмек көрсету орталығы

23 наурызда Алматыдағы перзентханалардың бірінде 34 аптада сирек кездесетін туа біткен патологиямен ұл бала дүниеге келді. Сәбидің мойнының оң жақ жартысында үлкен кистозды лимфангиомасы болған. Онымен қоса тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі де ісіктің асқынуына себеп болған.

Нәрестенің салмағы 3844 г, бойы 46 см болып туылды. Баланы емхананың неонатологиялық бригадасы кесар тілігінен кейін бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосып, Алматы қаласының Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізді.

Бала өте ауыр жағдайда келіп түсті. Өмір сүру көрсеткіштері бақылауға алынып, шұғыл көмекті талап етті. Ультрадыбыстық зерттеу деректері бойынша, құрсақішілік кезеңде өлшемі 12 см-ге жуық түзіліс бар деген диагноз қойылған. Ол дегеніміз босану кезіндегі ерекше акушерлік және хирургиялық тәсілді қажет етеді деген сөз. 

24 наурызда балалар жедел жәрдем бөлімінің дәрігерлері ісік тәрізді түзіліске пункция жасап, 500 мл-ден астам сұйықтықты алып тастады. Бұл тұншығу қаупін азайтуға көмектесті. Баланың жағдайын бөлім меңгерушісі Ұлықпан Болатбекұлы Әлсейітов бақылауға алды. Сәбиді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жаңа туған нәрестелер жансақтау бөліміне жатқызып, ота жасауға дайындады. 

26 наурызда лимфангиоманы түбегейлі алып тастау операциясы жасалды. Операцияны балалар хирургі Мырзахмет Саматбек Әбділманапұлы мен ассистент Күниязов Жалғас Қайырбекұлы эндотрахеальді анестезиямен жасады. Неонатолог, хирург және анестезиологтардың үйлесімді жұмысының арқасында ота сәтті өтті. 
Бала тағы үш апта бойы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болды. Кейін қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.

Алматы қаласының Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығының ұжымы үшін бұл күрделі туа біткен патологиясы бар жаңа туған нәрестенің өмірі үшін күрестегі кезекті жеңісі. Операциядан кейін тігістер жазылып, уақыт өте келе мүлдем көрінбейтін болады. Ал бала құрдастарымен бірдей өсіп, дамиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #денсаулық #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);