ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Мобилографтарға мүмкіндік туып тұр

Мобилографтарға мүмкіндік туып тұр

Мәдениет 18.08.2024, 15:27 749
Мобилографтарға мүмкіндік туып тұр
Самат Құсайынов
Президенттің баспасөз қызметі мен KYRAN FILMS байқау жариялады.

Президенттің баспасөз қызметі мен KYRAN FILMS байқау жариялады.

Басты мақсат – тамыры тереңге бойлаған ұлттық спорт түрлерін насихаттау, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Гран-при – іс-шара барысында президенттің жеке мобилографы ретінде жұмыс істеу.

Еліміздің жас мобилографтарына тамаша мүмкіндік туып тұр. Президенттің баспасөз қызметі мен KYRAN FILMS компаниясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты үздік бейнероликке байқау жариялады.

Жеңімпаз мемлекет басшысының бір күндік мобилографы ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар президенттің қолтаңбасы қойылған iPhone 15 Pro Max пен 1 миллион теңге жүлдеге ие болады. Мұндағы басты талап – Көшпенділер ойындарына арналған ең креативті промо-ролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерге, WhatsApp, Telegram-ға #nomadgamesfest хештегімен жариялау қажет.

V Көшпенділер ойындары – әлем назарында. 90-ға жуық мемлекеттен 2 мыңнан аса спортшы қатысады. Осыған байланысты президенттің баспасөз қызметі мен KYRAN FILMS компаниясы үздік бейнероликке байқау жариялады. Бұл жоба әлемде алғашқы рет өткізіліп отыр. Басты мақсат – тамыры тереңге бойлаған ұлттық спорт түрлерін насихаттау.

«Бабадан қалған мол мұраны, бүгінге жеткен асыл қазынаны көзіміздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас ету – бүгінгі ұрпақтың борышы. Осы орайда президенттің баспасөз қызметі мен KYRAN FILMS компаниясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы үздік бейнеролик байқауын ұйымдастыруды көздеп отыр. Мақсат – тамыры тереңнен тартатын спорттық ойындарды халық арасында кеңінен насихаттау, көшпенділер ойындарының мәні мен маңызын арттыру, дүбірлі доданың жоғары деңгейде өтуіне атсалысу», - деді президент кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Гран-при – іс-шара барысында президенттің жеке мобилографы ретінде жұмыс істеу. ІІ орынға – тағы да 1 млн теңге. ІІІ орынға – iPhone 15 Pro Max, IV орынға – 500 000 теңге, 5-15-орындарға – мобилографқа керекті жабдықтар. 16-20 орындарға мобилография курсы сыйлыққа және бонустық 50 орын сіздің әлеуметтік желіде жинаған әрбір 100 мың қаралымыңыз үшін 50 мың теңге сыйлыққа.

«Жалпы 150 контентмейкерге сыйлығымыз бар. Президент әкімшілігі елдегі жас мобилографтарға ерекше мүмкіндік беріп отыр. Байқауға тігілген жүлде қоры да қомақты. Бастысы, қатысып көріңіз, бағыңызды сынаңыз! Құрметті Қазақстанның барлық мобилографы мен креативті жастары! Сіздерге президенттің жеке мобилографы болуға бір күндік ерекше эксклюзивті мүмкіндік туып тұр», - деп жазды мобилограф Қыран Талапбек.

Мобилограф жұмысы 1 қыркүйекке дейін қабылданып, жеңімпаздар 9 қыркүйекте анықталады. Ол үшін Көшпенділер ойынына арналған ең креативті промо-ролик түсіріп, WhatsApp, Telegram-ға #nomadgamesfest хештегімен жарияласаңыз болғаны.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.