конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Mitsubishi Corporation Қазақстандағы қызметті кеңе...

Mitsubishi Corporation Қазақстандағы қызметті кеңейту мүмкіндігін қарастыруда

Саясат 15.11.2024, 11:48 757
Mitsubishi Corporation Қазақстандағы қызметті кеңейту мүмкіндігін қарастыруда
Сурет: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Қазақстандағы «Mitsubishi Corporation» бас директоры Тецуя Сугитамен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында Ә.Қуантыров Қазақстанның жаңа инвестициялық саясаты одан әрі экспортқа баса назар аудара отырып, қосылған құны жоғары өндірістерді дамытуға бағытталғанын атап өтті. Осыған байланысты озық жапон технологиялары кадрлық және технологиялық әлеуетті нығайтуда маңызды рөл атқара алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында «Mitsubishi Corporation» өкілдері тұрақты даму мен көміртегі ізін азайтуға бағытталған 2024 жылғы корпоративтік стратегиясын ұсынды. Кездесу аясында қазақстандық тарапқа сутегі технологияларын пайдалану үшін инфрақұрылым құру және жаңартылатын энергетика саласында шешімдер әзірлеу сияқты перспективалы жобалар ұсынылды. Осыған байланысты, компанияның энергетикалық инновацияларға, цифрлық трансформацияға және жоғары технологиялық өндіріске беретін маңызы Қазақстанның төмен көміртекті экономиканы дамыту жөніндегі мақсаттарына толық сәйкес келеді.

Тараптар орнықты даму саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оның ішінде энергетика секторында, инфрақұрылымда және өнеркәсіпте озық технологияларды енгізу мен жобаларды іске асыруды талқылады. «Mitsubishi Corporation» өкілдері компанияның Қазақстандағы қатысуын кеңейтуге және өңірдің тұрақты дамуын қолдауға бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруға қызығушылық білдірді. Бұған дейін «C5+Жапония» бизнес-форумы аясында «Mitsubishi Corporation» компаниясы «Central Asia Climate Foundation» және «Rakurs Tech LLC» компанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар компанияның энергетикалық және цифрлық трансформация саласындағы жаһандық бастамаларын ескере отырып, ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Анықтама: 1993 жылдан бастап «Mitsubishi Corporation» Қазақстанда үш өкілдік ашты. Елімізде жұмыс істеген жылдары корпорация бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты: «Батыс Қазақстандағы автомобиль жолдарын оңалту», «Қызылорда қаласын сумен жабдықтауды қайта құру және жақсарту», «Темір жолдарды жөндеу үшін техника жеткізу» және т.б. Токио қаласындағы бас кеңсенің мәліметінше, корпорация «Теңізшевройл» және «Ақтөбемұнайгаз» компанияларына коррозияға қарсы тұрақтылығы жоғары 30 мың тонна болат құбыр жеткізген. Адами ресурстарды дамыту жөніндегі қызмет шеңберінде «Mitsubishi Corporation» заманауи жабдықтармен жабдықталған ҚБТУ-дың бірнеше оқу және ғылыми зертханаларының ашылуына демеушілік жасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Mitsubishi Corporation #Қазақстан #қызметті кеңейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);