AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Міржақып», «Келінжан», Serjan Bratan – Nauryz сер...

«Міржақып», «Келінжан», Serjan Bratan – Nauryz сериалдар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Мәдениет 31.03.2023, 20:29 1,314 Almaty-akshamy
«Міржақып», «Келінжан», Serjan Bratan – Nauryz сериалдар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

«Міржақып. Оян, қазақ!» үздік тарихи сериал


Отандық сериал контентіне арналған «Nauryz» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Nauryz» ұлттық бәйгесі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет өтіп жатыр.


Бәйгеге 2021 жылғы 1 қаңтар – 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында қазақстандық телеарналардың эфиріне, YouTube арнасында шыққан сериалдар мен шығармашылық топтар 13 номинация бойынша қатысып жатыр.



«Өздеріңізге белгілі, Наурыз – жаңару мен гүлденудің, өсу мен өркендеудің символы. Сондықтан бұл ұлттық бәйге отандық сериалдардың да өсіп-өркендеуіне септеседі деп үміттенеміз. Жалпы елімізде соңғы жылдары креативті индустрия, телесериалдар қарқынды дамып келеді. Қазір бізде сан да, сапа да артып келеді, қаражат жағын да көбейтуді қарастырып отырмыз. Қазір отандық сериалдар ішкі және сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұрын үндінің «Келініне» телміретін көрермен қазір өзіміздің «Келінжан» мен «Аппақ келінді» көреді», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы Дархан Қыдырәлі кештің ашылуында.



Ең алдымен «Үздік тарихи сериал» аталымының жеңімпаздары айтылды.


Әділқазы алқасының шешімімен бұл марапатты Qazaqstan ұлттық арнасы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалы жеңіп алды.


Бұл жүлдеге сонымен бірге «Қаныш. Қазына», «Қызыл жебе», «Мәншүк» таласқа түскен еді.


«Үздік драмалық сериал» номинациясында да Qazaqstan ұлттық арнасының «Ақжауын» туындысы үздік атанды.


Мұнда «Бірге бол», «Рауза. Сакураның гүлдеуі», «Шанхай» телехикаялары шорт-тізімге енген болатын.


Көрермен көзайымына айналған «Келінжан» «Үздік комедиялық сериал» атанды. Шорт-тізімге «Бажа», «Күйеу бала», «Патруль» туындылары да енді.


«Үздік веб-сериал» номинациясында «Аппақ келін», «Ойна», Serjan Bratan, «5:32» сериалдары бақ сынады.


Нәтижесінде Salem Social Media түсірген Serjan Bratan озып шықты.


Айта кетейік, жеңімпаздарға NAURYZ арнайы мүсіншесімен бірге 1 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Nauryz бәйгесі #Сериал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);