ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мирас Жүгінісов ағасы Рүстемнің пікірі үшін жұртта...

Мирас Жүгінісов ағасы Рүстемнің пікірі үшін жұрттан кешірім сұрады

Әлеумет 01.08.2025, 15:30 715
Мирас Жүгінісов ағасы Рүстемнің пікірі үшін жұрттан кешірім сұрады
сурет: instagram.com/zhugunussov.mj/
Эстрада әншісі Мирас Жүгінісов кейінгі күндері қоғамда үлкен талқыға түскен ағасы Рүстем Жүгінісовтің мәлімдемесіне қатысты өз ойын білдіріп, жұртшылықтан кешірім сұрады. Ол бұл туралы Threads...

Эстрада әншісі Мирас Жүгінісов кейінгі күндері қоғамда үлкен талқыға түскен ағасы Рүстем Жүгінісовтің мәлімдемесіне қатысты өз ойын білдіріп, жұртшылықтан кешірім сұрады. Ол бұл туралы Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Бұған дейін не болды?

Ақтөбедегі мешітте мұсылманша киінген ер адам намаз оқуға барған қызға интимдік қарым-қатынас үшін "бір реттік неке" ұсынған болатын. Оқиғаға Мирастың ағасы Рүстем Жүгінісов пікір білдіріп, қыздың өзін кінәлаған еді. Оның пікірі желіде үлкен резонанс тудырып, жұрт Жүгінісовтер отбасына хейт жаудырды.

"Барша жаннан кешірім сұраймын!"

Ағасының айтқаны үшін Мирас та айыпталып, көпшілік оның жақында болатын концертіне бармайтындарын жарыс жазды. Жағдайды бей-жай қалдырмай Мирас Жүгінісов Тhreads-тегі парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, әрбір адамның өз пікірі бар, алайда бұл тұста отбасы мүшелерінің көзқарастары бірдей бола бермейді.

"Соңғы уақытта ағамның айтқан сөздері қоғамда үлкен резонанс тудырып, кейбір азаматтардың көңіліне қаяу түсірді. Ол – өз ойын айтқан жеке тұлға. Ал мен өз жолыммен жүрген, жеке ұстанымы бар адаммын. Отбасыма деген құрметім зор, бірақ туыстарымның пікірі менімен әрдайым сәйкес келе бермейді. Осы себептен кейде келіспеушіліктер туындайтыны да рас", – деп жазды әнші.

Сонымен қатар, Мирас Жүгінісов бұл жағдайдан кейін ренжіген жандардан кешірім сұрады. Ол өзінің шығармашылығында әйел адамдарға деген құрметті бірінші орынға қоятынын атап өтті. 

Айта кетейік, қыркүйекте Алматы қаласындағы Орталық стадионда Мирас Жүгінісовтың жеке концерті өтеді деп жоспарланып отыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.