ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының ба...

Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті

Саясат 23.12.2024, 15:21 1,012
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Сурет: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов және Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы полковник...

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов және Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы полковник Ербол Құмарбекұлы Беларусь Республикасы Қарулы күштері Бас штабының құрылу күніне арналған іс-шараға қатысты.

Сапар аясында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері 1941 жылдың маусым-шілде айларында неміс-фашист басқыншыларының алғашқы соққысын қабылдаған Брест бекінісінің қаһарман қорғаушыларын еске алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Минск қаласында Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Беларусь әріптесі генерал-майор Павел Муравейкомен кездесті.

Тараптар ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастық аспектілерін қозғап, өңірлік қауіпсіздік пен екіжақты қатынас мәселелерін талқылады.

– Биылғы жылы Қазақстан мен Беларусь аумағында екі ел бөлімшелерінің қатысуымен бірнеше іс-шараларды өткізуге мүмкіндік туды. Оның барлығы сапа мен сындарлы тәсілмен ерекшеленеді. Біздің әскери қызметшілер екінші рет қатысып отырған «Ерлік пен шеберлік» сынақтарын ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғыс білдіремін, – деп нақтылады ол.

Беларусь жоғары оқу орындарында біздің әскери қызметшілерімізді даярлау сапасын атап өткен Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамымен өзара алмасуды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесуде Қазақстан Қарулы күштері қолбасшылығының өкілі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар туралы хабардар етті. Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Беларусь суворовшыларының жақсы дайындығын атап өтіп, оларды 2025 жылы «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысуға шақырды.

Тараптар жауынгерлік, кадрлық және бітімгерлік дайындық желісі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.