AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Министрлік құрылатын уақытша жұмыс орындарының сан...

Министрлік құрылатын уақытша жұмыс орындарының санын шектемейтін болды

Әлеумет 01.08.2022, 16:30 1,171
Министрлік құрылатын уақытша жұмыс орындарының санын шектемейтін болды
Сурет: Ult.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде құрылатын уақытша жұмыс орындарының санын шектемеуді ұсынды. Құзырлы орган «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері туралы» бұйрығына осындай өзгеріс енгізіп, ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Ведомство ақпаратына сай, жұмыс берушілер базасының шектеулі болуына байланысты бірқатар өңірлерде қоғамдық жұмыстармен қамту бойынша мәселе туындаған.



«2022 жылғы I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Түркістан облысында жоспарланған 15,4 мың жұмыссыз адамның тек 9,5 мыңы ғана жұмысқа тартылған. Осы сияқты жылдық жоспар Маңғыстау облысында - 54,1, Шымкент қаласында - 63,7, Жамбыл облысында - 68,6, Ақмола облысында - 69,3, Ақтөбе облысында - 71,6, Шығыс Қазақстан облысында - 71,9%, ал Алматы облысында - 72 пайызға ғана орындалған. Бұл ретте, жұмыссыз азаматтардың басым бөлігі тіркелген өңірлерде көп халық тұратынын атап өту керек. Жұмыс орындары санының шектеулі болуы жұмыссыздар тарапынан наразылық тудырып отыр», - деп жазылған бұйрықта.



Министрлік мәселенің шешімі ретінде құрылатын уақытша жұмыс орындарының санын шектемеуді ұсынып отыр.



«Бүгінде барлық өңірлерде жұмыссыз түлектерді жастар практикасымен қамту бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындай алмау қауіпі бар. 2022 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, жастар практикасына 9,7 мың адам жіберілді. Бұл – жылдық жоспардың 38,5 пайызы. Ал, осы аралықта «Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде 1 446 адам қамтылды. Бұл – жылдық жоспардың 36,1 пайызы ғана. «Күміс жас» жобасымен 816 адам жұмыс тапты. Осылайша, аталған бағдарлама бойынша жылдық жоспардың 16,3 пайызын ғана орындадық. Төмен көрсеткіштер жұмыс берушілер санының шектеулі болуына байланысты. Сондықтан, заңнамада көзделген шектеулерді алып тастау ұсынылады», - деп көрсетілген құжатта.



Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бүгінде қоғамдық жұмыстарға жыл сайын жұмыссыз азаматтардың 40 пайызы тартылады. Ал, жылына әлеуметтік қызметтер мен жастар практикасы бойынша жұмыс іздегендердің тек 20 пайызы қымтылады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #Халықты жұмыспен қамту #жұмыс берушілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);