AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Министр қазақстандық әйелдерге жүктіліктен сақтайт...

Министр қазақстандық әйелдерге жүктіліктен сақтайтын таблеткаларды тегін беруді ұсынды

Білім және ғылым 05.08.2025, 13:01 553 Дина
Министр қазақстандық әйелдерге жүктіліктен сақтайтын таблеткаларды тегін беруді ұсынды
іnbusiness.kz

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ана өлімінің алдын алу мақсатында контрацептивтер сатып алуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Аqshamnews.kz. Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министр қазіргі қолданылып жатқан шараларға қарамастан, еліміздің алты өңірінде ана өлімінің көрсеткіші өсіп отырғанын атап өтті. Оның ішінде ең күрделі жағдай Ақмола облысында тіркелген – бұл аймақтағы көрсеткіш республикалық деңгейден жеті есе жоғары.

"Ана өлімінің негізгі себептері – ауыр экстрагениталды аурулар (55%) және акушерлік факторлар (45%)", – деді Әлназарова.

Министр осы қауіптердің алдын алу үшін бірнеше ұсыныс жасады. Ол әкімдіктерге медицина қызметкерлерін жұмысқа тарту, олардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру және ауруханалардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту үшін қаржы бөлуді ұсынды.

Сонымен қатар, Әлназарова өңірлік биліктен жүкті әйелдер мен балаларды облыс орталықтарындағы медициналық мекемелерге жеткізуге арналған көлікпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ бала туу жасындағы әлеуметтік осал топтағы әйелдерге контрацептивтер ұсынуға бюджеттен қаражат қарастыруды сұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүктілік #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);